«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Жергілікті ойыншылармен мақсаттарға жетуге болады»
Қайрат

Карлос Алос: «Жергілікті ойыншылармен мақсаттарға жетуге болады»

27 июня 2018
/ 00:00

Карлос Алос: «Жергілікті ойыншылармен мақсаттарға жетуге болады»

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос павлодарлық «Ертіске» қарсы матч нәтижесі жайында.

- Баршаңызға кеш жарық! Бірінші кезекте өз командамды тағы бір жаңа финалға жолдама алуымен құттықтаймын! Бұл біздің клубымыз үшін жақсы жаңалық деп білемін – тек қана жас футболшылармен ойнап, «Ордабасы» және «Ертіс» сынды командаларды артта қалдырдық. Матч туралы айтар болсақ, голды ерте өткізіп алдық. Дегенмен команда мойымай, өз ойынын көрсете білді. Сөйтіп, таразы басын теңестірдік. Екінші таймда біз пенальти тептік. Сол пенальтиді голға айналдырғанымызда, матч тағдыры шешілер еді деп ойлаймын. Пенальтидің соғылмауы «Ертіске» жаңа энергия мен тың қарқын сыйлады. Бүгін біз екі орталық ойыншы позициясына номиналды орталық қорғаушылар саналмайтын футболшыларды шығардық. Бірақ жақсы қорғана алдық. Осы қадамды жасап, финалға шықтық.

- Үшінші голды жібергенде қобалжыдыңыз ба?

- Бізге үшінші голды соққан кезде олар тағы бір доп салса, финалға өте алмай қалатынымызды түсіндік. Кубоктағы матчтар Премьер-лига ойындарынан басқаша. Біздің құрамада алты немесе жеті ойыншы U-21 жасөспірімдер құрамасында ойнауы мүмкін. Бұл біздің клубымыз үшін өте маңызды. Жас ойыншыларды көп шығарып, біз еліміздің Кубогында финалға шыға алдық. Бұл бүкіл ел үшін өте жақсы жеп ойлаймын – демек, елде өте жақсы ойыншылар бар дегенді білдіреді. Жергілікті ойыншылармен мақсатқа жетуге болады.

- «Қайрат» финалға жергілікті тәрбиеленушілерімен шықты. Финалда да олар ойнай ма, әлде тәжірибелі ойыншылар ма?

- Әрине, қазір бізде бірінші орында чемпионат матчтары тұр. Қазір сол ойынға дайындалу, артынша ойланармыз. Финалға дейін шыққан ойыншылар – финалдық матчты да өткізуге лайықты. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»