«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Жеңіске көңіліміз толады»
Қайрат

Карлос Алос: «Жеңіске көңіліміз толады»

12 августа 2018
/ 00:00

«Қайрат» командасының бас бапкері «Қызыл-Жар СК» ұжымына қарсы ойын нәтижесі туралы ойын  айтты.

— Бұл бүгін біз үшін маңызды үш ұпай болды. Бірінші орыннан ұпай айырмашылығын қысқарттық. Бұл өте ауыр матч боларын білдік. «Қызыл-Жар» мықты команда, жақсы жұмыс істейді. Оларға қарсы сырт алаңда ойнау қиын. Бұл матчқа түрлі матчтардан ұзақ сапарлардан соң келдік. Нақты бір қиындықтар туындайтынын білдік, бірақ команда бұл матчтың финалмен пара-пар екенін түсінді, бізге жеңу қажет болған. Үш ұпайға көңіліміз толады.

Сонымен қатар, алдағы ойындардың бірін кейінге шегерген Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына алғыс айтқым келеді. Осындай қиын сәтте бұл біз үшін маңызды!

Матчты жақсы бастап, ойынды бақылауда ұстадық. Біз бірінші болып гол соқтық, бұл маңызды болатын. Қарсылас бұрыштама орындаған соң қате жіберіп, өз қақпамызға пенальти алып келдік, артынша қарсылас есепті теңестірді. Ойынды өзіміз қиындатып алдық. Екінші таймға команда тек жеңіс үшін ғана шықты. «Қызыл-Жарға» өз қақпасына ығысуға тура келді. Біз допқа көбірек иелік еттік, сондықтан қарсылас команда сәл төмен ойнады. Артынша екінші және үшінші голымызды соқтық, сондықтан жеңіске көңіліміз толады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»