«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Жеңіс үшін қуаныштымыз»
Қайрат

Карлос Алос: «Жеңіс үшін қуаныштымыз»

30 сентября 2018
/ 00:00

«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос «Ақтөбеге» қарсы матч нәтижесі жайында ойын айтты. Оның шәкірттері қарсыласты тас-талқан еткен болатын – 6:1.

- Баршаңызға қайырлы кеш. Ең алдымен, әдеттегідей, ойыншыларымды бүгін еншілеген ұпайымен құттықтағым келеді. Сондай-ақ, біздің жанкүйерлерімізге үлкен алғыс айтамын, бүгін олар бізге көп көмектесті.

Ойын жайында, бүгін біз шабуыл деңгейінде де, қорғаныс деңгейінде де нақты ойын өткіздік. Әсіресе, біз допты жоғалтқаннан кейін бірден қысым жасап, жақсы өткелдер жасағанымызды атап өткім келеді. «Ақтөбеге» қарсы соңғы матчтан кейін біз оларға бос аймақ қалдыратын болсақ, олар проблемалар жасайтынын білдік. «Ақтөбенің» командасы жақсы, әсіресе жекелей алғанда, бірақ бүгін біз оларды жақсы жауып тастадық, олар алаң ортасында өз ойындарын көрсете алмады. Бүгінгі жеңіс үшін және біздің командамыз үшін қуаныштымыз. Сондай-ақ, біздің жанкүйерлеріміз осы жеңісімізге риза болады деп үміттенемін. Алтыншы голдан кейін де өз командасына қолдау көрсеткен «Ақтөбе» жанкүйерлерін атап өткім келеді. Бұл жанкүйерлер үшін жақсы үлгі деп ойлаймын.

- Сіз клубтың үш капитанын да қосалқы құрамда қалдырып, таңқалдырдыңыз. Бұл неге байланысты?

- Мен кімнің ойнайтыны жайында шешім қабылдаған кезде кімнің капитан екеніне қарамаймын. Мен басқа нәрселерді талдау арқылы шешім қабылдаймын. Алайда, Исламхан, Аршавин және Қуат клубымыз үшін өте маңызды ойыншылар. Ең бастысы – ұжым. Біз жеңіске жеттік, барлығы жақсы.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»