Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос шымкенттік «Ордабасыға» қарсы ойын нәтижесі жайында пікірімен бөлісті.
- Ең алдымен, бүгін біз жеңілмеуге тиісті болған матчта ұтылып қалғанымызды айтқым келеді. Біз проблемалары бар командаға қарсы ойнадық. Чемпионатты ұтып алуды қалайтын команда бүгінгі сияқты матчтарда ұтылмауы керек. Бүгін біз чемпиондыққа деген мүмкіндікті жоғалттық.
Ойын туралы айтып, сондай-ақ осы маусымда болған проблемалар туралы есеп бергім келеді: қолымыздан гол жібермеу, «құрғақ» матч өткізу келмейді. Кез-келген команда, тіпті аз шабуыл жасаса да, бізге гол соғып кетеді. Командаға қонаққа барып, нәтиже үшін ойнаған кезде өте қиын болады. Менің ойымша, бүгін бізде есепті теңестіретін үш жақсы мүмкіндік болды. Егер есепті теңестіргенімізде, бұл матчта жеңіске жетуге де болар еді. Бірақ бүгін біз күні бойы ойнасақ та, гол соға алмайтындай көріндік. Осы жеңіліс үшін жанкүйерлерден кешірім өтінемін.