«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос жанкүйерлерге үндеу жолдады
Клуб жаңалықтары

Карлос Алос жанкүйерлерге үндеу жолдады

15 октября 2018
/ 00:00

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы бапкері Карлос Алос қоштасу хатында жанкүйерлерге үндеу жолдады.

– Бүгін «Қайратпен» өзара қарым-қатынасымыз аяқталды. Қазақстанға алғаш келген уақыттан бері, шамамен, төрт жыл өтті, мен бұл елге тек жақсы сөздер ғана айта аламын. «Қайрат» футбол клубына ерекше алғысымды білдіремін. Біз осы клубты жақсы көруге үйретіп, «Қайрат» отбасының бір мүшесі болуға мүмкіндік берген клуб президентінің арқасында, біздің жанкүйерлеріміздің арқасында («Қайрат» – жәй ғана клуб емес), осы кезеңде бізбен бірге жұмыс істеген барлық ойыншылардың арқасында және менің штабымның арқасында (сіздер – үздіксіздер) соңғы екі маусым бойы біз бар күшімізді салдық және тырысып жұмыс істедік. Енді отбасымен болуға және жаңа жобаға дайын болуға уақыт жетті. Кездескенше. Алға, «Қайрат»!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»