«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Жұмысымызды жалғастырып, өз жолымызбен жүре береміз»
Қайрат

Карлос Алос: «Жұмысымызды жалғастырып, өз жолымызбен жүре береміз»

31 марта 2018
/ 00:00

«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос «Ақтөбеге» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірімен бөлісті.

– Баршаңызға қайырлы күн. Бірінші кезекте біз қашан да жеңіске ойнаймыз, бүгін біз екі ұпай жоғалтқандай күй кешіп отырмыз. Бұл матчта екі командаға ойнау өте ауыр болды, ойын жоғары қарқынмен өткен жоқ. Бұл алаңда ойнау қиынға соқты, соның кесірінен ойын қарқыны төмен болған шығар.

Бұл апта біз үшін жеңіл болған жоқ. Себебі бірнеше ойыншымыз ұлттық құрама матчтарын тек апта соңында ғана келген болатын.

Ойынға келер болсақ, алаңға шығар кезде қарсыластың өз қақпасына жақын қорғана ойнап, қарымта шабуылдар жасайтынын күттік. Алайда, олар өздерінің алғашқы ұйымдастырған шабуылдарын пайдаланып, есепте алға шықты. Сондай-ақ, біз уақыт өте допты өз бақылауымызға алатынымызды білдік және жолымыз болды, жылдам есеп теңестіріп тастадық.

Екінші таймда олар ұйымшыл болып, қорғаныста Сауатты ойнады. Бізде гол соғатын бірнеше мүмкіндік болған, бірақ біз бүгін өзіміздің үздік ойынымызды көрсетпедік деп ойлаймын.

Әрине, бір ұпай біз үшін жеткіліксіз, бірақ жұмысымызды жалғастырып, өз жолымызбен жүре береміз.

Фото: «Ақтөбе» ФК

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»