«Қайраттың» бас бапкері қызылордалық «Қайсарға» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтты.
- Өз ойыншыларымды құттықтағым келеді, себебі олар ең маңызды бөлік саналады. Бірінші таймда допты жиі жоғалтып, бірқатар мәселелер туындады, соның салдарынан қарсылас қарымта шабуылдар ұйымдастырды. «Қайсар» сапындағы Курьор мен Полда өте үлкен жылдамдық бар екенін білдік және біз допты жоғалтсақ, өте қиын болды, себебі артқа жүгіруге тура келеді. Бірінші таймның кей сәттерінде солай болды. «Қайсар» осы аптада кубоктық матч өткізді және олар үшін екінші тайм ұзаққа созылатынын білдік. Біз екі түрлі матчқа екі құрам жасадық, Елдос басқаларының бәрі де «Оқжетпеске» қарсы ойнаған жоқ. Өз алаңымыздағы тағы бір жеңіс үшін көңіліміз толады. Жеңіске жету қашан да қиын.
«Қайсардың» ойын стилі маған ұнайды. Олар бізге келетін басқа командалар секілді өз қақпаларына жақын ойнамайды. Бұл бізге шабуылдауда еркіндік береді және біз өз мүмкіндіктерімізді жасаймыз.
- «Оқжетпеске» қарсы ойынды санамағанда да, құрам жиі өзгеріске ұшырап жүр. Неге?
- Себебі бізде деңгейлес 20 ойыншы бар. Бұл бізге үлкен мүмкіндік береді. Біз ойындарды сараптаймыз, артынша нақты шешім қабылдаймыз. Маусым өте ұзақ және бізге чемпионат соңына дейін сәтті ойнау үшін бұл тұста сақ болған жөн. Жанкүйерлердің бұған көңілі тола бермейтінін білемін.
- Бүгінгі матчта қорғаушылар бірнеше өрескел қате жіберді. Бұл неге байланысты?
- Бірінші таймда біз артқы шепте бірнеше қате жібердік, ал құрам өзгерісіне келер болсақ, бүгін бізде шабуылда бес легионер ойнады. Бұлар – Иво Иличевич, Андрей Аршавин, Уго Сильвейра, Хуане Фелипе және Исаэль. Шелдонға келер болсақ, ол қазір «Астанаға» қарсы матчтан кейін айығып жатыр.
- Чемпионатта қатарынан екінші матчта төрт қорғаушымен ойнап жатсыз, ал алдыңғы ойындарда үш қорғаушы шығарған едіңіз. Бұл немен байланысты?
- Иә, мен бұл сұраққа жауап бергенмін. Бізде жаңа ойыншылардың бейімделуіне қатысты қиындықтар болды және шабуылды күшейту үшін біз осындай шешім қабылдадық. Былтырғы жылы Жерар Гоу команда үшін өте маңызды ойыншы болған, сондықтан біз Угоны жылдам бейімдеу үшін екі шабуылшымен ойнадық.