«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Өте маңызды үш ұпай»
Қайрат

Карлос Алос: «Өте маңызды үш ұпай»

28 апреля 2018
/ 00:00

«Қайрат» командасының бас бапкері «Ертіске» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірімен бөлісті:

- Өз командамды үш ұпай еншілеуімізбен құттықтағым келеді. Бұл алаңда ойын қиын болатынын білдік, қарсылас мықты. Ойынның оңай болмайтынынан хабардар болдық. «Ертістің» деңгейі жоғары, қазіргі таңда олар турнир кестесінде өздеріне лайықты орында емес деп есептеймін. Бірінші таймды жақсы бастадық, ойынды өз бақылауымызда ұстадық. «Ертісте» де қауіпті қарымта шабуылдар болды, солардың бірінде гол соғып кетті. Біраұ команданың салы суға кетпеді, бірінші таймның соңында біз есепті теңестірдік.

Біз үшін тайм соңына дейін есепті теңестіру маңызды болды және екінші таймда біз алға ұмтылып, екінші голымызды соқтық. Сол сәттен бастап «Ертіс» бар күшімен алға ұмтылып, біз қорғаныста ойнадық, бірақ қарымта шабуылдарға шықтық. Біз үшін бұл маңызды үш ұпай. Күресімізді әрі қарай жалғастырамыз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»