«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Соңына дейн күресеміз»
Қайрат

Карлос Алос: «Соңына дейн күресеміз»

24 июня 2018
/ 00:00

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос елордалық «Астанаға» қарсы матчтың нәтижесі жайында.

- Баршаңызға кеш жарық. Бірінші кезекте бүгін бізге үлкен қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын. Алаңда бар күшін салған командаға да ерекше алғыс. Бүгін жеңіліске лайық болмап едік. Ойын тең өтті, бірінші таймның соңында қажет емес гол өткізіп алдық. Екінші таймда екі командада да гол соғатын мүмкіндіктер болды. Олар өздерінде болған мүмкіндіктерді пайдаланып, жолдары болды.

Біздің команда тізе бүгіп қала бермейді – олар қайта аяққа тұрып кетеді. Мен күн сайын, апта сайын ойыншылардың жаттығып, бар күшін салып жатқанын көріп жүрмін. Ұрыста жеңілдік, бірақ соғыста әлі ұтылмадық. Соңына дейін күресеміз.

- Дерин Эсеола қашан ойнайды?

- Трансферлік кезең басталған соң.

- «Қайрат» екінші таймда өзіне тән емес стильде ойнады: алдыңғы шепте бойлары аласа ойыншылар жүрсе де, жермен емес, көбіне жоғарымен ойнады. Уго Сильвейраны ертерек шығару керек пе еді?

- Білесіз бе, команда жеңіске жетсе – бапкердікі дұрыс. Ал команда жеңілсе – онікі дұрыс емес. Бұл жолы бапкердікі дұрыс емес, сондықтан сізбен келісемін. Жеңілген кезде бірден сабақ шығару қиын.

- Бүгінгі төрелікті қалай бағалайсыз?

- Шынымды айтайын, арбитрдің жұмысы жақсы болды. Ол бүгінгі матчтың тағдырын шешкен адам емес. Жеңілісімізге төрешіні кінәлай алмаймын. Мен олар туралы жеңілгеннен көрі жеңген кезімізде айтқанды жақсы көремін. Себебі жеңілген кезде айтсаң, сылтау сияқты болады. Бірақ бұл сылтау емес.

- Журналистердің атынан сізге қолдау көрсетіп, командаға сенетінімізді айтқымыз келеді.

- Рақмет. Тағы да қайталағым келеді: бұл команда қайта аяққа тұрады. Былтыр «Астана» «Қайраттан» бір матчта да жеңе алмаған еді, бірақ чемпионатты ұтып алды. Менің мақсатым «Астанадан» айламызды асыру емес, әрине, чемпионатты ұтып алу. Осы мақсатқа қарай жылжи береміз. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»