«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос «Ақжайыққа» қарсы матч жайында пікірін айтты.
- «Қайрат» неге сүреңсіз ойын көрсетті?
- Иә, шыны керек, бүгін біз жаман ойнадық және сол үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Біз ұлттық құрамалардан кейінгі матчтар өте күрделі екенін білеміз, бұл аптада командамен толықтай жұмыс істей алмайсыз, бұл өте қиын апта. Бірақ мен мұны сылтау сияқты айтқым келмейді. Чемпионатты ұтып алуды қалайтын команда бүгінгідей қарқынмен ойнамауы керек деп санаймын.
Менің ойымша, бүгін біз қандай да бір мағынада спекуляция жасаған шығармыз. Біз бұл матчты жеңіп алатындай әсерде болып, оны бірінші минуттан бастап қолға алған жоқпыз. Ал отпен ойнағанда, кейде өзіңді күйдіріп аласың.
Бірақ, жаңа айтқанымдай, нәтижеге жауапты менмін, «Қайратта» болған уақыттан бері алғаш рет алаңдадым, мен шынымен аздап ашулымын. Біз бұл ойынды өткіздік және тағы да қайталайын, құрамалардың матчтарынан кейінгі қиын апта болды, бірақ бұл менің сылтауым болғанын қаламаймын.
- Биылғы жылы алда қандай мақсаттар тұр: тағы да Қазақстан Кубогымен шектелеміз бе, әлде чемпионат үшін күресеміз бе?
- Неге? Чемпионат аяқталды деп санайсыз ба?
- Біз негізгі трофейді жеңіп алғанымызды қалаймыз, бірақ мұндай ойынмен ондайды айта алмайсың...
- И», мен сізбен келісемін, бірақ алда әлі тоғыз ойын бар. Бұл ойынға қарамастан, біз матч алдында болған позицияда қалдық. Ештеңе өзгерген жоқ, өйткені біздің негізгі қарсыласымыз да өз матчында жеңіске жете алмады, олар өз алаңында тең түсті және бізбен теңдей жағдайға ие: оларда да көп ойыншы ұлттық құрама сапына кетті, бұл қиын апта болды.
Бірақ қазір олар үш ұпайға немесе төрт ұпайға алда келе жатыр – біз үшін жағдай қатты өзгерген жоқ. Егер «Астана» өз ойынын ұтып алғанда, олар алты ұпайға озып кететін еді, ал қазір жағдай шамалас, біз ұпай айырмашылығын қысқартуымыз керек. Чемпионат біз үшін аяқталды деп ойламаймын, бірақ шындық мынада, «Қайрат» та, «Астан» да осы маусымда көп матчта жеңіске жетті, сондықтан кейде біз қарсыласты жеңу оңай деп есептейміз. Бір қарағанда оңай көрінетін шығар, бірақ футболда әр уақытта жеңіске жет беру қиын. Менің жалғастыра бергім келеді, менде көп күш бар және чемпионатта жеңімпаз бола алатынымызға сенімдімін. Бұл менің пікірім және бұл шындық. Бізге жан-жақтан «тас лақтырылатынын» білемін. Бірақ біз соңына дейін күресеміз.
- Жанкүйерлер «Қайраттың» ойынына көңілі толмайды, сіздің қызметіңізден кеткеніңізді қалап жүр. Сіз кетесіз бе?
- Жоқ, кетпеймін. Мен бұған жүз, тіпті, мың пайызға сенімдімін. Мен күштімін, бірақ барлық матчты жеңе алатын бапкер жоқ. Мен өзіміз жасап жүрген жұмысымызға, бапкерлік штаб жұмысына сенемін. Қазір командаға шамалы ашулы екенімді ескермесек, олар жасап жүрген жұмысқа да сенімдімін.
Бірақ мұнда, біздің чемпионатымызда жаттықтырушылардың орнынан кетуі қалыпты жағдай. Чемпионат басталмас бұрын болған бапкерлердің ортақ жиналысы есімде, ал сол кездесуден кейін өз жұмысын жалғастырып жатқан 2-3 бапкер ғана бар, көптеген командалар жаттықтырушыларын ауыстырды. Бұл ақылға қонымсыз, бірақ біздің чемпионатта – бұл солай. Жеңіліп қалған кезде бапкерлерге бірден есікті көрсетеді, мен бұған құрметпен қараймын. Маған кетуімді талап ете алатын бір ғана бапкер бар – бұл клубтың президенті. Өйткені біз бапкерлік штабпен бірге талмай жұмыс істеп жатырмыз. Біз чемпионатта 36-ға жуық матч өткізіп, оның 30-ға жуығын жеңіп алдық. Неге менің кетуім керек? Соңына дейін жұмыс істеу қажет.