«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Ойынымызға көңілім толады»
Қайрат

Карлос Алос: «Ойынымызға көңілім толады»

09 мая 2018
/ 00:00

«Қайраттың» бас бапкері «Ордабасыға» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтты.

- Әдеттегідей, ойыншыларымды үш ұпаймен құттықтағым келеді. Мықты қарсыласпен матчтағы ойынымызға көңілім толады. Бұл осы аптадағы екінші ойын және мұндай жағдайда ойнау өте қиын екенін білдік. Бірінші таймда екіншіге қарағанда қарқын жоғары болды деп санаймын. Мұнда өткен ойыннан кейін шаршаңқырау білінді. Біз өз мүмкіндігімізді пайдаландық, алға шықтым, артынша команда қарсыластың қадамын күтті. «Ордабасы» екінші таймда допқа көбірек иелік етті, ал біз қарымта шабуылға иек арттық.

- Екінші таймда алаңға Ғафуржан Сүйімбаев жиі араласып тұрды. Бұл оның еке нұсқауы болды ма және оны қалай орындады?

- Шынымды айтсам, жоқ. Оның алдында Аршавин ойнайды, Ғафуржан ортаға жиі ығысып, қапталда бос аймақ жасап тұрды.

- Карлос, қазір сіз чемпионатта жеңіліссіз сериямен келе жатырсыз. Бұл командаға қаншалықты қысым жасайды немесе қаншалықты жігерлендіреді?

- Жоқ, бұл серия ойыншыларға қысым жасамайды. Олар өздерін жақсы сезінеді.

- Жақында Андрей Аршавин Еуропа лигасы алдында құрамды күшейту керегін айтқан еді. Сіз онымен келісесіз бе?

- Әр адам өз жұмысын жасауы тиіс. Андрей өте жақсы ойнап жүр және соны жалғастыра беруі керек.

- Андрей Аршавин биыл мансабын аяқтай ма?

- Білмеймін. Ол ойын тәжірибесін жиі алып жүр, әлі ұзақ ойнай алады. Ол өте жақсы жаттығып жүр, ал жаттығуды жақсы жасасаң, мансабыңды ұзарта аласың. Меніңше, ол жас шағына қарағанда, қазір жақсырақ жаттығу жасайды.

- «Ордабасыға» қарсы кубоктық матчта тағы да легионерсіз ойнайсыз ба?

- 3 күннен кейін «Тобылға» қарсы ойын күтіп тұр, біз бар назарымызды соған аударамыз. Қазір басымда тек «Тобыл» ғана. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»