«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Ойыншылар соңғы минутқа дейін тырысты»
Қайрат

Карлос Алос: «Ойыншылар соңғы минутқа дейін тырысты»

05 августа 2018
/ 00:00

Бас бапкер Карлос Алос «Шахтерге» қарсы матчтың нәтижесі туралы өз ойымен бөлісті.

- Ойын туралы не айта аламын, нәтижеге көңіліміз толмайды. Бұл бірінші орынмен ұпай айырмашылығын қысқарту үшін берілген жақсы тур еді. Бірақ матч соңында есепті теңестіріп, алғаш рет пенальти тептік.

Меніңше, бұған дейін де «Шахтердің» айып алаңында екі сәт болған, олар бүгінгі матчта жеңіске жетуіміз үшін көбірек уақыт берер еді. Осы жайттарға байланысты бізде проблема бар. Бірақ голды өте кеш соқтық, ойында жеңіске жету үшін уақыт өте аз болды.

Ойыншылардың жұмысына көңілім толады, соңғы минуттарға дейін тырысты, жеңгілері келді, Еуропа лигасының матчынан кейін, ұзақ сапардан соң қиындықтар болатынын білдік. Әрине, бүгін жеңіске жетуге тырыстық, енді жұмысты жалғастыра беру қажет. Әлі көп нәрсе жасауымыз керек. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»