«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос «Жетісуға» қарсы матчтың нәтижесі жайында пікірін айтты.
- Шынымды айтсам, нәтиже үшін қапалымыз. Ойынды бақылауда ұстадық, бірақ тың ой жетіспеді. Қатарынан екі ойын гол соға алмадық, бұл көрсеткішпен чемпионатты ұтып алу қиын. Ойыншыларға айтар сыным жоқ, жұмысты жалғастырамыз.