«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос «Ордабасыға» қарсы матчтың нәтижесі жайында ойын айтты.
- «Ордабасыны» еншілеген үш ұпайымен құттықтаймын. Бүгінгі матчта жеңіске жетуіміз үшін мүмкіндіктер көп болды, допты да бақылауда ұстадық. Бірақ матч соңында қойылған пенальти, пенің пікірімше, қате. Сол пенальти бізден үш ұпайды алып келді. Маған төрешілер туралы айтқан ұнамайды, себебі бұл сылтауға ұқсап кетеді. Бірақ бізге жасалып жатқаны – мүмкіндік емес. Біз 19 тур ойнап, бір де бір пенальти тепкен жоқпыз. Қарсыласымыздың қақпасына пенальти белгілеу үшін – біздің ойыншыларды айып алаңында «өлтіріп» тастау керек.
Бірінші таймда қарсылас қақпасына пенальти беруге болатын екі мүмкіндік болды. Оның бірі айқын еді, бірақ сәттілік жетіспеді. Ешкімге сын айтқым келмейді, бірақ Қазақстанда жақсы төрешілер бар екенін айтқым келеді. Жақсы деңгейлі 4-5 төреші бар, бірақ бүгін көп жағдайда біздің жолымыз болмады.
Қарсыластың ойыншыларына тиіп кеткен әр сәтте ойын тәртібі бұзылды деп шешті, бұл өте қиын. Бірақ мұның сылтау емес екенін айтқым келеді. Бұл проблема ұзақ уақыттан бері жалғасып келеді, бұл футболда бар нәрсе. Қарсыласты тағы да құттықтаймын, «Ордабасы» ойыншылары матч бойы өз ойлағандарын істеді деп ойлаймын.