«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Команданың көңіл-күйі жақсы»
Қайрат

Карлос Алос: «Команданың көңіл-күйі жақсы»

19 мая 2018
/ 00:00

Алматылық «Қайраттың» бапкері Карлос Алос қарағандылық «Шахтерге» қарсы ойын жайында.

- Өз ойыншыларымды бүгінгі жеңісімен құттықтағым келеді. «Тобылдан» жеңілген соң, аяққа нық тұрып, осы үш ұпайды еншілеу маңызды болды. Команданың көңіл-күйі жақсы, бірақ жеңіліс қашан да кері әсерін тигізеді.

Ойын туралы не айтамын: бірінші таймда допқа көбірек иелік еттік, алайда допты тезірек қозғалтуымыз керек еді. Бірақ бұл оңай болған жоқ, себебі қарсылас өзінің айып алаңында бүкіл команда болып қорғанды. Бірінші гол біздің жұмысымызды жеңілдетіп берді, екінші таймда тағы бір гол соғуымыз уақыт еншісінде болатын.

- «Шахтердің» қорғаныс шебіндегі ойыншылар бойшаң келген. Неге шабуыл шебіне бойы аласа футболшыларды шығардыңыз?

- Біз өз алаңымызда ойнағанымызда допты төменде ұстауымыз керек деп есептеймін. Біздің алаңымыз керемет, төменде ойнау үшін аймақты пайдалана аламыз. 

- «Шахтер» секілді команда толығымен қорғаныста ойнап, шабуылда ештеңе көрсетпейтінін күттіңіз бе?

- Шынымды айтсам, мұны білдік. Алайда қарсылас шабуылда көбірек ойнайды деп күттік. Оларда алаң ортасындағы ойыншы жарақат алды, ал Суботич негізгі құрамдағы шетелдіктер лимитіне байланысты шыға алмады. Оның шығуымен қарсылас допты шабуылда жақсырақ ұстай бастады.

- Бауыржан Исламханның негізгі құрамда шықпауы неге байланысты?

- Әр матчта негізгі құрамда шығатын 11 ойыншыны таңдау керек. Алдағы 12-13 күнде бізді 4 ойын күтіп тұр. Кубоктық матчта шетелдіктер ойнамайды, сондықтан бүгін құрамды өзгертуге бел будық.

- Угоның денсаулығы жақсы ма?

- Жағдайы жақсы. Бүгінге көңілі толмаған шығар (күліп), есесіне команда үшін қуанышты.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»