«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос АЗ-ға қарсы матч нәтижесі жайында ойымен бөлісті.
- Бұл ел үшін, команда үшін маңызды жеңіс, бұл жеңіске көңіліміз толады. Алда әлі қарымта ойын бар және оның ауыр матч болатынын білеміз. Алғашқы ойында біз АЗ-ды таңқалдыра алдық, бірақ алда әлі 90 минут бар. Бұл 90 минут өте ауыр болады. Ойынға келер болсақ, тығыз ойнап, алаңда ажырамауды жоспарладық, нидерландтықтар позициялық тұрғыда өте жақсы ойнайтынын білдік. Қорғаушылар артындағы аймақтарды пайдаланып, шабуылдауға тырыстық. Бізде жақсы мүмкіндіктер көп болды, команда жақсы ойын өткізді, тамаша нәтижеге қол жеткіздік.
- Команда ойын басында қысым жасады, гол соққан соң қорғанысқа ауысты. Бұл әдейі қолданылған тактика ма әлде қарсылас команда бірінші нөмірмен ойнауға мүмкіндік бермеді ме?
- Бүгін өте көп жүгірдік, 90 минут бойы қысым жасау мүмкін емес. Командаға алдыңғы шепте қысым жасау керегін айттық, мақсатымыз өз айып алаңымыздан алыстау қорғану болатын. Кейде қолымыздан келсе, кей сәтте ойыншылардың шаршаңқырағаны әсер етті.
- Төреші жұмысы жайында не айта аласыз?
- Егер төреші жайында пікірімді айтсам, қашан да жаман боламын. Кейін мені ешкім еш жерде көргісі келмейді.
- Бұл маусымдағы ең үздік матч деп айтуға бола ма?
- Бұл нәтижені ең маңызды деуге болады, бірақ ең үздік ойын дей алмаймын. Осындай командаға қарсы жақсы нәтиже.
- Осындай жеңістен кейін командалар мүмкіндігі қандай және осындай жеңістен соң команда психологиялық жігері қандай?
- Екінші іріктеу кезеңі әлі аяқталған жоқ. Әрине, жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Бүгін гол жібермегеніміз маңызды болды. Енді сырт алаңда қарсыласқа гол соғатын болсақ, оларға жауап ретінде төрт доп салу керек болады. Сондықтан, бүгін гол жібермеу маңызды саналған.
Жігерге келер болсақ, матч алдында Шымкенттегі жеңілістен соң жігерлендіру туралы сұраған еді, ал мен команданың жақсы көңіл-күйде деп жауап бердім. Енді УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіне түсіп, чемпионаттағы жеңіс үшін күресті жалғастырамыз.
- «Фейр-плэй» болған сәт жайында не айта аласыз?
- Қандай «фейр-плэй»? Қаржылық па (жымиып)? Бұл футбол, қарсылас команда жеңіліп жатты, бірақ, әрине, бұл маған ұнаған жоқ.
- «Тобыл» «Қайратпен» кездесуден бір күннен кейін «Пюникпен» ойнайды. Енді олар екінші құрам алып келеді деп ойлайсыз ба?
- Көреміз. Бір нәрсені айта кеткім келеді: бірнеше ай бұрын бізде де, оларда да Еуропада ойын бар екенін ескеріп, мен басшылықпен бұл матчты кейінге шегеру туралы сөйлескенмін. Бірақ олар бұл өзгерісті қабылдаған жоқ. Енді кеше олар ойын күнін өзгерткісі келіп, жүгіріп жүрді. Енді бізде де, оларда да ауыр матч бар. Бізге жеңіске жету керек.
- Голландиялықтар екінші таймда қысымыды азайтты деп ойлайсыз ба? Қалай ойлайсыз, АЗ жылдамдық бойынша «Қайраттан» басым болып, тек шабуылды аяқтау сәтте оларға сәттілік жетіспеді ме?
- АЗ маусымаралық үзілісте болғандықтан, олар өздерінің ең үздік физикалық қалпында емес. Голландиядан Қазақстанға сапары да ауыр болды, уақыт өлшемінің өзегруі де бүгінгі ойынның екінші таймында әсер етті. Қарымта ойында бізге де қиын болады.