«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Команда чемпиондыққа таласымызды жалғастыратынымызды көрсетті»
Қайрат

Карлос Алос: «Команда чемпиондыққа таласымызды жалғастыратынымызды көрсетті»

01 июля 2018
/ 00:00

«Қайраттың» бас бапкері қызылордалық «Қайсарға» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтты.

- Бірінші кезекте, өз командамды кезекті үш ұпайымызбен құттықтағым келеді. Бұл біз үшін өте маңызды жеңіс. Бүгінгі матчтың өте ауыр болатынын білдік – мұнда Қызылордада өте құрған ауа-райы, жасанды алаң. Ойын тең дәрежеде өтті деп ойлаймын. Өткен аптадағы матчқа қарағанда бүгін жағдай басқаша болды. Өткен аптада «Астанамен» матчта біз ойынды тең есеппен аяқтауға жақын едік, бірақ соңғы минуттарда жеңіліп қалдық. Бүгін де тең есеппен аяқтауымыз мүмкін еді, бірақ соңғы минуттарда жеңіп кеттік. «Қайсардың» жақсы ойнайтын команда екенін білдік және оларға қарсы сырт алаңда ойнау өте қиын. Біз 1:0 есебімен жеңіліп жаттық, бірақ команда аяғына тік тұрып, чемпиондыққа таласымызды жалғастыратынымызды көрсетті.

- Угоның орнына Швыревтің шығуы неге байланысты? Сондай-ақ, Исламхан неліктен қосалқы құрамда қалды?

- Исламхан өте көп матч өткізді, чемпионатта да, кубокта да өнер көрсетті. Үш күн бұрын Павлодарда «Ертіске» қарсы 90 минут бойы ойнады. Бүгін ауа-райының салдарынан алаңда көп уақыт ойнай алмайтынын түсіндік. Ол екінші таймда алаңға шығып, ойынға тың леп қосуы үшін оны қосалқы құрамда қалдырғанды жөн көрдік. Ол солай істеді де. Угоға келер болсаұ – біз шабуылшының орнына шабуылшыны шығардық. «Қайсарда» екінші қабатта өте жақсы ойнайтын екі орталық қорғаушы бар. Слава допты төменде қолданып, бос аймақты пайдаланып, соның бәрін жылдам жасайды деп жоспарладық. Олар екі түрлі шабуылшылар. «Қайсар» екінші қабаттағы доптардың бәрін алып шыққанын көрдік және жылдамырақ ойнайтын шабуылшыны алаңға жібердік. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»