«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Ертең өзімізді көрсетуімізге 90 минут болады»
Қайрат

Карлос Алос: «Ертең өзімізді көрсетуімізге 90 минут болады»

02 августа 2018
/ 00:00
«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос матч алдындағы баспасөз-мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Біздің келесі кезеңге өту мүмкіндігіміз бар, себебі біздің сапымызда талантты ойыншылар көп. АЗ үлкен команда екенін түсінеміз, бірақ мұнда бірінші матч біз үшін сәтті болды деген оймен келген жоқпыз.

- Ертең қорғаныста көбірек ойнайсыздар ма, әлде Алматыда бақылаған «Қайратты» көреміз бе?

- Қорғаныста терең ойнайтын болсақ, біз үшін матч ұзаққа созылып кетеді, мен өз ойыншыларыма допқа иелік етудің маңыздылығын түсіндіргім келеді. АЗ позициялық футбол ойнайтынын білеміз, ойынды бақылауда ұстауға тырысады. Біз қорғаныс футболын қолданбаймыз, себебі олай ешқашан жасамаймыз. Әрине, мұнда қорғану үшін келген жоқпыз, допты ұстауға тырысамыз. Қазақстан Премьер-лигасындағы матчтарымызды қарар болсаңыздар, біз қашан да бірінші нөмірмен ойнайтынымызды көресіздер. Бірақ бұл футбол. Ертең өзімізді көрсетуімізге 90 минут болады.

- Жарақат алған ойыншылар бар ма? Кім ойнайды? Сіздерде маусым жалғасып жатыр, ал АЗ-да маусым енді басталуда, мұның айырмашылығы бар ма?

- Біз 90 минут бойы ойнауға үйрендік, матч бойы жоғары қарқынды ұстаймыз. Бір осал тұсымыз, біздің маусымымыз қазір қызған шағында. Жарақаттанған және физикалық жағдайы нашар, шаршаған ойыншылар бар. Бірақ бұл бізге сылтау болмайды. Егер келесі кезеңге өтпесек,оның себебі басқада болғаны.

- Эсеола мен Аршавин ойнай ма?

- Білмеймін, бізде құрам таңдауы көп. Кімнің дайын, кімнің дайын емес екенін жаттығудан соң ғана айта аламын. 


arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»