«Қайрат» командасының бас бапкері Карлос Алос «Энгорданиге» қарсы матч жайында пікірін айтты.
- Баршаңызға кеш жарық. Ойын туралы былай айтайын – бірінші матчта жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Бұл матчта алғашқы он минутта 2:0 есебімен алда болдық, сондықтан сол кезде бұл кезеңнен өттік деуге де болар еді. Алайда ойын қарқынын ұстау бойынша қиындықтар болды. Мұндай жағдайда команданың жігерін сақтап қалу өте қиын. Бірақ біздің командамыз қарсыласын соңына дейін құрметтеді, себебі ойнап, гол соғуын жалғастырды. Енді алдағы ойындар туралы ойналамыз, алда 4-5 өте маңызды ойын күтіп тұр. Сол матчтарда сіздердің қолдауларыңыз қажет! Алдағы ойындарда чемпионаттың алдағы тағдыры шешіледі, сонымен қатар, АЗ-бен кездесу күтіп тұр.
- Қалай ойлайсыз, «Қайраттың» қазіргі жағдайы оңтайлы ма, себебі АЗ маусым алдындағы дайындықты енді бастады, ал сіздер өз қарқындарыңызды тауып алдыңыздар.
- Иә, екі команданың жағдайы әр түрлі. Біз ойын тонусындамыз, бірақ мұның жақсы да, жаман тұстары да бар. Егер қарқын тұрғысында жақсырақ ойнасақ, қазір чемпионаттың ортасы болғандықтан, кей ойыншылар өздерін шаршаңқы сезінуі ықтимал. Оның алдында Шымкентте 40 градустық ыстықта матч өткіземіз.
- «Ордабасыға» қарсы алдағы матч туралы пікіріңізді айтыңызшы, себебі «Қайрат» өзінің бұрынғы бапкері Кахабер Цхададземен кездеседі.
- Шымкентте ойнау алаңның салдарынан қиын болады. Әрине, Кахаберде өзінің бұрынғы командасын жеңу үшін ерекше жігер болады, бірақ бапкерлер әрқашан маңызды тұлғалар деп айтуға келмес. Мұнда маңызды деп ойыншыларды айтуға болады, себебі олар алаңға шығады. Сонымен қатар, төрешінің қызметі жақсы болады деп үміттенеміз, себебі мынадай қызықты бір дерек бар – біз 18 тур ойнадық, бірақ ешқандай пенальти тепкен жоқпыз. Сылтау айтқым келмейді, бірақ кейда маған ұнамайтын жайттар болады. «Тобылда» үш ойынға жазаланған футболшы бар, ал қазір бір ойынды алып тастады. Енді ол бізге қарсы ойнай алады. Былтырғы жылы Елдосты орынсыз жерде жазалаған болатын. Мен бекерден бекер уайымдап отырған жоқпын. Менің жалғыз қалайтыным – мұның бәрі жақсы болса екен. Біз өз ойынымызды жалғастырамыз.
- Бүгін біз АЗ алдындағы дайындықты көрдік пе, әлде бұл жастардың ойнауы үшін мүмкіндік пе?
- Бүгін алаңға мықты құрам шығардық. Кей ойыншыларға бүгін демалыс бердік. Соколенко мен Әліп бүгін ойнай алғанда, олар да алаңға шығар еді. Сондықтан орталық қорғаушылар арасында ойын минуттарын бөлдік. Сонымен қатар, Аршавин, Дерин мен Исаэльге демалыс бердік. Құрамды мүмкіндігінше өзгертуге тырыстық. Бүгін алаңға шыққан ойыншылардың өз деңгейі бар.