«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос «Ертіс» командасын жеңген соң журналистердің сұрақтарына жауап берді.
- Баршаңызға кеш жарық. Әдеттегідей, өз ойыншыларымды жеңіспен құттықтағым келеді. Бүгінгі жеңіс біздің команда, біздің клубымыз үшін, сондай-ақ, бүгіл қазақстандық футбол үшін өте маңызды. Біз құрамында шетелдік ойыншылары шыққан еліміздегі ең үздік командалардың бірін ұттық. Енді Павлодарда қарымта ойын қалды, сондықтан біз әзірше тойлай алмаймыз. Бұл 90 минуттың ауыр боларын білеміз, алайда біз бірінші қадамды жасадық, енді екіншісі қалды.
Ойын туралы не айтуға болады: бәрі біз жоспарлағандай болды. Біз қарсыласымызға допты бақылауда ұстауға мүмкіндік бердік, олар өз аймақтарын ашатын сәтті күттік. Себебі бізде алдыңғы шепте өте жылдам футболшылар бар. Сонымен қатар, бізге гол жібермеу маңызды болды, себебі бізде екі ойын бар, ал сырт алаңдағы бір гол екеу болып саналады. Біз жақсы қорғанып, жақсы шабуылдадық, нәтижесінде жеңіске жеттік. Команданың атқарған жұмысына көңіліміз толады.
- Бүгін Акмаль Бахтияров өзін жақсы көрсетті. Оған алда Қазақстан чемпионатының ойындарында мүмкіндік беріле ме?
- Акмаль – талантты ойыншы. Былтырғы жылы ол бірінші команда сапында жаттығулар өткізген. Егер ол немесе басқа да жас футболшылар осылай жалғастыра берсе, әрине, бірініші командада ойнауға мүмкіндік алады. Командада бәсекелестік жоғары деңгейде, бірақ ол қажет кезінде командаға көмектесуге дайын болатын ойыншы.
- Вячеслав Швырев жаттығу кезінде бірге бір шығып дайындала ма, себебі бүгін ол бірнеше ұрымтал сәтті пайдалана алмады?
- Ол жас ойыншы, мұндай мүмкіндіктерді пайдалану үшін бірінші оны ұйымтастыруы керек. Мүмкіндіктер өздігінен келмейді. Шабуылшы жақсы ашылып, жүгіруі қажет, мұндай мүмкіндіктер солай келеді. «Ертістің» қақпашысы да сол сәттерді жақсы ойнады. Ең маңызды Швыревте сондай мүмкіндіктер бар.
- Бауыржан Исламханның ойынына көңіліңіз тола ма?
- Көңілім толады.