«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос чехиялық «Сигмаға» қарсы ойынның нәтижесі жайында пікірін айтты.
- Біріншіден, нәтиже біздің пайдамызда болмаса да, бізбен бірге болған жанкүйерлерге үлкен рақмет айтқым келеді. Олар бізге жаңа серпін беруге тырысты. Біз ойыншылардан аяғына дейін күресуді сұрадық және олар мұны жасады – олар соңына дейіг ойнап, мүмкіндігінше бәрін жасады. Ойыншыларға көп күш салып, барын бергені үшін алғыс айтамын.
Матч бойынша, атап айтқанда, бүкіл кезеңге қатысты: бізде бәрі керісінше болды. Бірінші матчта біз үшін жаман нәтиже болды, жағдай біздің пайдамыз емес еді. Егер олар бізге тым болмаса, бір гол соқса, бізде өте үлкен қиындықтар туындайтынын білдік. Олар ауттан пас беріп, гол соғып кетті. Еуропада мұндай қателіктер көпке тұрады. Бірінші таймның соңы өте жүйкелі атмосферада өтті.
- Бүгінгі жеңілістің себебі неде?
- Бұл кезең 180 минутқа созылды, оның ішінде өте көп нәрсе болды. Егер кезеңде жеңіліп қалсаң, оның себебі көп болуы мүмкін. Бірінші матчта жағдай өте қиын болды, біз 60 минут бойы он ойыншымен ойнадық, ал қазір өз алаңымызда жеңіліп қалдық. Бұл бүкіл іріктеу кезеңінің нәтижесіне әсер етті деп ойлаймын. Бүгін бізде мүмкіндіктер болды, бірақ бұрын айтып өткенімдей, қарсылас ауттан соң гол соғып кетті. Бұл қарсылас командаға күш берді. Біз шок күйінде қалдық. Бүгін біз тәуекелге баруға тырыстық, бірінші тайм-ақ бірнеше өзгерістер жасадық, өйткені біз екі шабуылшы және үш қорғаушымен ойнағанбыз. Мен бір ғана себеп бар деп айта алмаймын – көптеген себептер болды.
- Сіздің қарамағыңызда соңғы 10 жылдағы ең мықты шабуыл шебі жиналған, дегенмен осы екі матч кезінде команданың шабуылдағы ойынында еш ұйымдасқан қимыл болған жоқ. Бұл отставкаға кету үшін себеп бола ала ма, әлде маусым соңына дейін жұмыс істеп, чемпионатты жеңіп алатын ойыңыз бар ма?
- Мен мұнда үлкен күштің арқасында отырмын. Шешімді сіздер қабылдамайсыздар, мен де қабылдамаймын. Менің келісімшартым бар, мен сабырлымын және өз жұмысыма сенімдімін. Егер маған кету керек десе, мен кетемін. Бұл футбол. Мен қазір сабырлымын, аз ұйықтаймын, себебі өте көп жұмыс істеп жүрмін. Көңілім тыныш. Мен осы клубпен өмір сүріп жатырмын, осы клубтағы жұмысымүшін өз өмірімді өткізудемін, түсінесіздер ме? Шешімді президент қабылдайды. АЗ-ды жеңгеннен кейін, Еуропа лигасының үшінші айналымынан ұшып кеттік. Жеке менің ойымша, біздің еурокубоктағы өнеріміз жақсы болды. «Сигма» алғаш рет үшінші кезеңге шыққан. Меніңше, чехиялық чемпионаттың деңгейі Қазақстан біріншілігінен әлдеқайда жоғары.