«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос матч алдындағы баспасөз-мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
- Шымкенттегі жеңіліс команда жігеріне әсер етті ме?
- Әрине, жеңіліс қашан да кері әсерін тигізеді. Бұл екі түрлі турнир деп есептеймін. Шымкенттегі матчқа келер болсақ, сол ойында жеңіске жетуіміз керек болғанын айтқанбыз. Мен жеңілісті жек көремін, бірақ бізге мұны ұмытып, бізді алда күтіп тұрған нәрселерге назар аудару қажет, сол маңыздырақ. Қазір бізге Еуропа лигасы келді, енді АЗ-бен матч жайында ойлауымыз керек.
- Орталық қорғаушылардың көңіл көншітпейтін ойынынан соң құрамда Сергей Политевичті көру мүмкіндігіміз қанша?
- Көрерміз, соңғы уақыттарда бұл позицияларда проблемалар бар. Соңғы уақытта жарақат алған ойыншылар шамамен осы позицияларда ойнайтынын айта кету керек. Сондықтан, Сергей мен Электің жағдайларына қараймыз, себебі Әліп бұл ойынға дайын болмайды. Бүгінгі жаттығудан соң шешім қабылдаймыз.
- АЗ сіздің мансабыңыздағы ең қиын қарсылас па?
- Иә. Солай деп ойлаймын. Мен Азияда ойнап жүргенімде, азиялық Чемпиондар лигасында өнер көрсеттік, алайда Еуропада командалар мықтырақ. Ол өз чемпионатындағы ең мықты командалардың бірі деп санаймын. Олар Голландия чемпионатын жеңіп алғанына да көп болмады. Олардың чемпионатында мықты командалар бар. Бұл командалар өз деңгейі арқылы басқа командалардың өсуіне де әсер етеді.
- Сіз үшін қандай нәтиже қолайлы болады? 1:0 есебімен жеңісті жақсы нәтиже деуге бола ма?
- Қай жерге барып жазылу керек айтыңызшы, себебі мен өте жақсы нәтиже деп санаймын. Біз үшін ертеңгі матчта өз қақпамызға гол жібермеу маңызды, яғни, сыр бермеуіміз қажет. Біздің мүмкіндіктеріміз өз алаңымыздағы матчтарға байланысты екенін жақсы білеміз. Бұл кезеңде өз алаңымызда, өз үйімізде, өз жанкүйерлеріміздің алдында көрсеткен нәтижеге көп нәрсе байланыст. Өте жоғары деңгейлі командамен ойнаймыз. Өз алаңымызда қарағанда, түзде ойнау өте қиын болады.
- Лунин мен Соколенконың жағдайы қалай және оң қапталда тағы да солақай Ян Вороговский ойнай ма?
- Бүгінгі жаттығудың қалай аяқталарын көреміз. Станиславтың жағдайы жақсы, өз қалпына оралып келеді, бірақ ол өте көп матч жіберіп алды.
- Көптеген сарапшылар «Қайратты» аутсайдер санайды, сіздің ойыңызша, «Қайраттың» мүмкіндігі қанша пайыз?
- Өз командама сенемін. Бұл команда жақсы ойнайды, себебі ол жақсы жаттығу жасайды. Біз соңғы матчты санамағанда, жақсы чемпионатта ойнап жатырмыз. Командаға максималды деңгейде сенемін. Бұған дейін айтқанымыздай – бізге келген қарсылас өте мықты. Бірақ бізде де мүмкіндіктер туады. Бұл кезең 180 минутқа созылады, біз кезеңде бір кондициямен бастаймыз.
- Біздің клубымыз еурокубоктық сапары кезінде матч уақыттарын өте сирек ауыстырады. АЗ-ға қарсы қарымта матч 2 тамызда болады, бізде ол 3 тамыз. Ал «Шахтермен» ойын 5 тамызда өтеді. Бір күн демалыс. Неге клуб «Ордабасы» мен «Шахтермен» матчтарда ертерек немесе кешірек уақытқа жылжытпады?
- Бұл чемпионатта матч күндерін өзгерту үшін екі команданың да келісімі керек. Сәттілік жолдас болған командалар ойындарын ауыстырып жатады. Біз де кей матчтарды кейінге шегергіміз келген, бірақ «жоқ» деген жауап алдық. Сондықтан, ойында өз қалауымыз бойынша ауыстыра алмадық. Осындай клуб, осындай ел, сондықтан, қолда бармен ойнау керек.