«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Бірінші таймды өте тамаша өткіздік»
Қайрат

Карлос Алос: «Бірінші таймды өте тамаша өткіздік»

06 июля 2018
/ 00:00

«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос «Ертіске» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтты.

- Баршаңызға кеш жарық. Бірігнші кезекте, өз командамды жеңіспен құттықтағым келеді. Бұл біз үшін, күресті жалғастыруымыз үшін өте маңызды. Бірінші таймды өте тамаша өткіздік, үзіліске дейін нәтижені жасап, матчта басымдық танытып, жеңіске жеттік. Бірінші таймдағы 3:0 есебінен кейін екінші тайм басқаша болды – қашықтық үлкен, ойыншылар арасында кең болды. Команда төртінші голды соққан соң босаңсып қалдық. Соны пайдаланып, кей ойыншыларға демалуға мүмкіндік бердік.

Енді Еуропа лигасы аясында өтетін келесі ойынымыз туралы ойлаймыз. Бұл ұзақ сапар болмақ, мұны жақсы түсінеміз.

- Жаңа футболшылардың ойындарына көңіліңіз қаншалықты толады?

- Бұл ойыншыларға көңілім толады. Бұл олардың алғашқы матчтары. Бірақ мен ойыншыларды емес, жалпы команданы сараптауға тырысамын. Мақсатымызды орындай алсақ қуанышты боламын. Әрине, олар бізге көмектесу үшін келген ойыншылар. Көреміз, уақыты келгенде сараптаймыз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»