«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос талдықорғандық «Жетісуға» қарсы матч нәтижесі туралы пікірін айтты.
- Баршаңызға кеш жарық, команданы үш ұпаймен құттықтағым келеді. Ойын туралы: бұл матчта оңай болмайтынын білдік. Бүгін қорғаныста тығыз әрі төмен ойнайтын командамен кездестік. Бос аймақ табу өте қиын болды. Бірінші таймда ойын қарқыны өте төмен болған. Еуропа лигасындағы сапар әсер етті, ойыншылардың шаршағаны білінді.
Екінші таймда ең қиын нәрселердің бірін жасадық – гол соқтық. 2:0 есеьімен алға шықтық, ойын тағдыры шешілгендей көрінген. Бірақ гол жіберіп, жағдайды өзіміз қиындатып алдық. Жеңіске көңілім толады, себебі бұл өте ауыр матч болды. Бір жағынан, екінші таймның аяғында біз орынсыз жерлерде өте көп қателестік. Бірақ ең маңыздысы біз үш ұпайымызды еншіледік, алаңға сол үшін шыққанбыз.