«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Бүгінгі олжалаған үш ұпайға көңілім толады»
Қайрат

Карлос Алос: «Бүгінгі олжалаған үш ұпайға көңілім толады»

29 июля 2018
/ 00:00

«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос «Тобылға» қарсы өткен ойын туралы пікірін білдірді.

- Бәріңізге қайырлы кеш. Бірінші кезекте бүгін олжалаған үш ұпайымызға көңілім толады. Бүгін ойын қызықты өтті дей алмаймын. Екі команданың да ойы алдағы аптада өтетін еурокубок кездесулерінде болды. Бірақ біз үшін бұл үш ұпайдың маңызы зор еді. Жақсы ойнасаң, әдемі жеңіске жетесің. Бірақ кейбір сәтте сүреңсіз ойын көрсетсең де жеңіске жету маңызды болады. Екі команда үшін де ойын баяу өтті. Қауіпті сәттер аз болып, доппен көп жұмыс жасамадық. Дегенмен, бір жағынан алып қарасаң бұл орынды нәрсе. Себебі қос ұжым апта сайын ойын өткізеді. Бастысы бүгін қанжығамыз толық, көңіліміз толы. Ары қарай жұмыс істеуді жалғастырамыз.

- Ойынның салбыр өткенін өзіңіз мойындадыңыз. Сырттан қарағанда футболшылардың физикалық жағдайының нашар екенін аңғаруға болады. Бапкерлер алқасы төрт күнде Голландиядағы ойынға футболшыларды дайындап үлгере ме?

- Ойынның баяу өткен рас, бірақ бұл футболшылардың физикалық жағдайына байланысты емес деп ойлаймын. Бұл жағынан футболшылар ақылды. Олар өздерін жақсы күтеді. Екі команда үшін де алдағы аптада өтетін Еуропа Лигасының ойыны маңызды екенін олар жақсы біледі. Барлық футболшылардың ойы осы кездесуде. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»