«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Қайрат» — жастармен жұмыс істеу бойынша еліміздің үздік командасы»
Біз туралы БАҚ

Карлос Алос: «Қайрат» — жастармен жұмыс істеу бойынша еліміздің үздік командасы»

30 июня 2018
/ 00:00

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос елордалық командаға қарсы матч нәтижесі, өз шәкірттерінің ойыны мен болашақтағы жоспарлары жайында айтты.

- Карлос, қалай ойлайсыз, чемпиондыққа талас жолында «Астанаға» қарсы жақында өткен матч қаншалықты маңызды болды?

- «Астанаға» қарсы ойындар қашан да өте маңызды, бірақ былтырғы жылы «Астана» «Қайратқа» қарсы бір матчты да жеңе алған жоқ – бірақ чемпион атанды. Сондықтан, бізге бұл кездесуді тезірек ұмытып, келесі матчтарда жеңіске жетуге тырысу қажет.

- «Қайрат» соңғы минуттарда өз ойынын жоғалтып алады деуге бола ма? «Астана» өз голдар таймның соңында салып шықты.

- Бізде ондай мәселе жоқ, бұл футбол. Мұның алдындағы «Ақтөбеге» қарсы үйіміздегі ойында біз соңғы минутта жеңіп кеттік. «Астанаға» қарсы матчтың соңғы голы алыстан жасалған соққының арқасында енді – бұл біздің қателігіміз емес, бұл жерде қарсылас жақсы ойнады.

- «Астана» Сізді таңқалдыра алды ма?

- «Астана» мені мүлдем таңқалдырмады. Ойынның бірінші жартысында қарсыласқа қарағанда біз жақсы ойнадық. Олар жақсы команда, тәжірибесі көп, бірнеше жылдан бері бір жүйемен ойнап келеді.

- Андрей Аршавин соңғы уақытта шабуыл шебінде ойнап жүр. Алдағы уақытта оны таза орталық шабуылшы позициясынан көреміз бе?

- Аршавин – үлкен кәсіпқой маман, өз командасына кез келген позицияда көмектесуге дайын. Ол алдыңғы шепте ойнаса, өз ойынымыз да пайда көп әкеледі. Қарапайым шабуылшымен біздің футбол әр түрлі шығады, жағдайға қарап, біз «жалған тоғыздық» бойынша ойнай аламыз.

- Жақын арада «Қайрат» үшін еурокубоктық маусым басталады. Бірақ команданың алғашқы қарсыласы әлі анықталған жоқ. Бұл Cізді мазаламай ма?

- Жоқ, себебі қазір біз ел чемпионаты туралы ойлап жүрміз. Еуропа лигасындағы қарсыласымызды анықтаған кезде, сараптама бастаймыз. Дәл қазір біз өз қарсыласымызды әлі білмейміз.

- Еурокубок басталар алдында «Қайраттың» қорғаныс шебі күшейе ме?

- Жақын арада трансферлік терезе ашылады, сол кезде бар жағдайды сараптаймыз. Бірақ маған өз құрамым ұнайды.

- «Қайраттың» жастары өздерін кубоктық матчтарда жақсы қырынан көрсетті. ҚПЛ-да жаңа дебютанттарға мүмкіндік бересіз бе?

- Біздің жас футболшыларымыз өте жақсы ойнайды, ал мен жастарға көмектесетін бапкермін. «Қайратты» жаттықтырып жүргеніме бір жыл да болмады, осы уақыт ішінде 8 ойыншы бірінші командада дебютін өткізді. Олардың кейбірі Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды (Магомед Парагульгов, Нұралы Әліп, Слава Швырев...). «Қайрат» - жастармен жұмыс істеу бойынша еліміздің үздік командасы.

- Тимур Рудосельский «Жетісумен» қоштасты. Оны «Қайратта» күтесіз бе?

- Тимур ғана емес – бізде түрлі клубтарға жалға берілген ойыншылар жетерлік. Біз олардың жұмыстарын бақылап жүрміз, себебі олар біздің футболшыларымыз.

- Қақпашыларды алма-кезек шығару сіздің командаңызға пайдасын тигізіп жатыр ма?

- Қақпашыларымызға көңілім толады, олардың арасында үлкен бәсекелестік бар. Жігіттер командаға көмектесуге дайын.

- Қызылордада өтетін алдағы матчтағы мүмкіндіктер жайында не айтасыз?

- Қызылордада өте қиын ойын өтеді: синтетикалық алаң, ыстық ауа-райы, мықты қарсылас, олар «Қайратқа» қарсы үлкен жігермен шығады. Бірақ біз бұл матчқа дайынбыз.

- Енді қазақстандық футболдан сәл алыстай тұрайық. Қалай ойлайсыз, 2018 жылғы әлем чемпионатын кім ұтып алады?

- Болашақ әлем чемпионы ма? Әрине, Испания болғанын қалаймын. Бірақ Бразилия мен Бельгия – өте жақсы командалар. Көре жатармыз...

Дереккөз: Sports.kz 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»