«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Қайрат» қашан да тек жеңіс үшін ойнайды»
Қайрат

Карлос Алос: «Қайрат» қашан да тек жеңіс үшін ойнайды»

18 июля 2018
/ 00:00

«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Сырт алаңда жақсы нәтижеге қол жеткіздік, бірақ футболда бәрі болуы мүмкін. Қарсыласқа құрметпен қараймыз, сондай-ақ, қарымта матчта жауапты болып, келесі кезеңге өтуге тырысамыз.

- Кестенің тығыз болуына байланысты, қақпаға кімді қойып, кімге демалыс беруді жоспарлап отырсыз?

- Қарсыласқа ешқандай ақпарат бермес үшін, құрам туралы алдын ала ештеңе айта алмаймын. Бірақ бір айтарым - бұл ай өте ауыр болады. Ойыншылардың жағдайы жақсы болу үшін, осы құраммен барлық тапсырманы орындауға тырысамыз.

- Андорралықтардан өткіміз келеді дедіңіз. Бірақ жеңіліп қалып та, келесі кезеңге өтуге болады. Команда жеңіс үшін ойнай ма, әлде тең нәтиже де жеткілікті ме?

- «Қайрат» қашан да жеңіс үшін ойнайды. Алдағы ойында да біз тек жеңіске жетуге ғана тырысамыз. Тіпті, 0:2 есебімен жеңілістің өзі бізге жеткілікті деген оймен дайындалатын болсақ, нәтиже жаман болуы мүмкін. Сондықтан, бірінші ойынның нәтижесін ұмтылып, матчты жекпе-жектегі есеп 0:0 деген оймен шығамыз.

- Келесі кезеңде бізді АЗ күтіп тұр. Ол қазіргі қарсыластан әлдеқайда тәжірибелі және екі түрлі қарсыласпен кездесу «Қайратқа» әсер етпей ме?

- Бірінші кезекте, тағы да айтайын – біз қазіргі қарсыласты құрметтейміз. «Энгордани» көпке таныс емес команда. Оның құрамында тәжірибелі ойыншылар бар, команда Еуропа лигасының алдында күшейіп алды. Ол жақта бірнеше жыл бұрын клубтық Әлем чемпионатында ойнаған футболшылар бар. Мен оларға құрметпен қараймын.

АЗ туралы кейін ойланамыз, іріктеудің келесі кезеңіне шығып алайық. Бұл Голландиядағы үздік клубтардың бірі, өте ауыр қарсылас. Бірақ бүгін біз сол туралы ойлар болсақ, ертеңгі матчта тосынсый болуы әбден мүмкін. Сондықтан, қазір бар ойымыз «Энгордани» командасында.

Жақын арада Қазақстан чемпионаты аясында екі матч күтіп тұр: «Ордабасы» мен «Тобылға» қарсы. Матчтан матчқа жылжи береміз.

- Маусымның басында сізге бір сұрақ қойған едім: топтық кезең бе, әлде чемпиондық титул ма? Қазір таңдауыңыз өзгерді ме?

- Екі мақсатқа да қол жеткізгім келеді. Екеуінің бірін таңдағым келмейді. Чемпионатты жеңіп алуға тырысамыз. «Қайрат» еліміздегі үлкен клуб, ұзақ уақыт бойы чемпионатты жеңген жоқ. Бір мақсатты шетке ысырып қоюға болмайды.

- Алдағы айда «Қайратты» тығыз кесте күтіп тұр. Еурокубок матчтарында академия тәрбиеленушілерін көріп қалуымыз мүмкін бе?

- «Қайратқа» келгенімде жастарға көп көңіл бөлгенімізді көрдіңіздер. Тіпті, ең маңызды матчтарда көптеген ойыншылар негізгі командада дебюттерін өткізді, бұлар: Нұралы Әліп, Александр Соколенко, Вячеслав Швырев және басқалары. Ертең команда тізімінде «Қайрат А» ойыншылары да болады: Самат Сәрсенов және Сергей Кейлер.

Клуб өз жұмысын жақсы атқарып жатыр: Академия бапкерлері де, скауттары да. Бірақ жастарды жәй ғана ойнасын деп шығара беруге болмайды.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»