«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос талдықорғандық «Жетісуға» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтты.
- Өз ойыншыларымды жеңіспен құттықтаймын. Бүгін бізге үш ұпай алу маңызды болды және ауыр ойын болатынын білдік. Қарсыласымыз агрессивті мәнерде ойнайды, алаң да қиындық тудыратынын түсіндік.
Ойын туралы айтар болсақ, шабуыл мен қорғаныс арасында кең аймақтар болды және қарсылас соны пайдаланғысы келгенін байқадық. Бірақ біздің жолымыз болды, біз бірінші таймды 0:2 есебімен аяқтадық. Ал екінші таймда «Жетісу» өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Артынша, біз есепті 3:1 қылып, матч тағдыры шешілді. Қарқынды ойын болды, бірақ үздік футболымызды көрсете алмадық, бірақ ең маңыздысы – осы үш ұпай.