«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Алматыда әр жанкүйер маңызды болады»
Қайрат

Карлос Алос: «Алматыда әр жанкүйер маңызды болады»

10 августа 2018
/ 00:00

«Қайрат» командасының бас бапкері Карлос Алос «Сигмаға» қарсы матч нәтижесі жайында ойын айтты.

- Матчты шамалы дегбірсіз бастадық. Бірінші минуттар біз үшін сәтті болған жоқ, артынша ойынды көбірек бақылауда ұстадық. Алғашқы 10 минуттан соң ойын теңесті, қарсыластың ойыншысын алаңнан қуып, ойыншылар саны бірдей болған соң матч басқаша болды. Сүйімбаевтың қызыл қағаз алуы біз үшін матчты өзгертіп жіберді, себебі 1:0-ден соң біз жақсырақ ойнай бастадық, ойыншымыздың алаңнан қуылуы ойын барысын толығымен өзгертті.

- Бұл ойыннан өзіңізге не түртіп аласыз? Келесі матчта өз реакцияларыңызды көрсете аласыздар ма?

- Әрине, бұл нәтижеге өз жауабымыз болады. Алматыда екінші матчымыз бар, иә, бұл нәтиже біз үшін жақсы емес, бірақ әлі де мүмкіндігіміз сақтаулы: олар мұнда екі гол соқты, біз де Қазақстанда екі гол соға аламыз. Неге салмасқа? Біз АЗ қақпасына екі гол соқтық, енді неге соны келесі матчта қайталамасқа? Иә, бұл нәтижеден соң қиын болады, бірақ бізде мүмкіндік бар. Қолымыздан келетін ойынды көрсете аламыз. Бізде әлі де мүмкіндік бар деген ойдан айырылмаймыз.

- «Сигма» мен АЗ-ды салыстыра аласыз ба?

- Олар мүлдем екі түрлі командалар. АЗ – позициялық ойын көрсетіп, допты көп ұстайтын команда, ал «Сигма» - қашан да шабуылдайтын команда, қос қапталмен ойнауға тырысып, артқы шепте бізге мүмкіндіктер берді. «Сигма» физикаға жақын команда, көбіне алыстан соққы бағыттайды, АЗ мүлдем басқаша. Сіздердің командаларыңыз шабуылда агрессивті. Иә, АЗ секілді білікті емес шығар. Біз оларды салыстыра алмаймыз, екеуі екі түрлі командалар.

- Қалай ойлайсыз, бүгінгі матчтан кейін Алматыдағы матчқа қолдау көрсету үшін қанша жанкүйер келеді?

- Стадион лық толы болып, жанкүйерлер бізге қолдау көрсетеді деп үміттенемін. Себебі жанкүйерлер бізге сенеді деп ойлаймыз. Қиын ба? Иә, бірақ біз сенеміз. Жанкүйерлер біздің өзімізге сенетінімізді білуі керек. Бұл футбол. Егер мұнда 0:2 есебімен жеңілсек, өз алаңымызда 2:0 есебімен жеңе аламыз. Қиын ба? Иә. Мүмкін бе? Мүмкін.

Бұл менің жанкүйерлерге айтар хабарламам: стадион толы болады деп үміттенемін. Мен біздің жанкүйерлерді білемін, олар бізді қашан да тамаша қолдайды, Қазақстанда ауыр матч болады. Матчта жеңіске жету үшін атмосфера жасауға тырысамыз. Бізге әрқайсысыңыз, әр футболшы керек. Жанкүйерлер стадионды толтыра алатынына сенімдімін.  

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»