«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Карлос Алос: «Алдағы ойынға үлкен құрметпен қараймыз»
Қайрат

Карлос Алос: «Алдағы ойынға үлкен құрметпен қараймыз»

12 июля 2018
/ 00:00

«Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос матч алдындағы баспасөз-мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Карлос, сіздің командаңыз жекпе-жек фавориті саналады. Сізде көптеген кәсіпқой футболшылар бар, ал біздің команданы әуесқой деп атауға да болатын шығар.

- Біз алдағы ойынға үлкен құрметпен қараймыз. Андоррада өтетін бұл ойын ауыр болады, себебі «Энгордани» командасы жақсы қорғанады және өте агрессивті ойнайды. Оның үстіне, сапар ұзақ болды, ойын оңай болмайтыны анық. Футболда жүз пайызға сенімді бола аламаймыз. Алдағы екі матчтан кейін кімнің фаворит екенін көре жатармыз. Бірақ мұнда тек келесі кезеңге өту үшін ғана келдік. Оңай болмайтынын да білеміз.

- Сіздердің мақсаттарыңызға Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту ме?

- Клубымыздың мақсаты қадам сайын Еуропа лигасының топтық кезеңіне бару. Қазір бар ойымыз «Энгорданиге» қарсы матчта. Алда ойын көп, бұл оңай болмайды, себебі Еуропада көптеген жақсы командалар ойнап жүр. Олар біз секілді мақсаттарды алға қойған. Бірақ қазір алғашқы тапсырмамыз – келесі кезеңге өту. Ақырындап мақсатымызға жақындай береміз, Еуропа лигасында оңай ойын жоқ.

- Сізге бірінші матчта текетірес тағдырын шешіп тастаған маңызды ма, әлде екі ойында да жеңу ме?

- Біз алдағы ойынға үлкен құрметпен қараймыз. Мақсатымыз «Энгорданиді» алдағы 90 минутта жеңу емес, мақсатымыз – 180 минутта жеңу. Бірінші матчтың қалай аяқталарын көрейік, кейін болашақ туралы ойлай жатармыз. Қазір бар ойым Андоррадағы алғашқы матч жайында, бізді өте маңызды 90 минут күтіп тұр. Өте агрессивті және қорғаныста сапалы ойнайтын командаға қарсы ауыр матч болады.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»