«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Камо Оганесян: «Мен басқа клубтарда қандай екенін білмеймін, бірақ «Қайратта»барлығы тұрақты»
Біз туралы БАҚ

Камо Оганесян: «Мен басқа клубтарда қандай екенін білмеймін, бірақ «Қайратта»барлығы тұрақты»

29 марта 2020
/ 11:00

ArmSport.am Қазақстанда өнер көрсететін армян футболшыларымен әңгімелесті, елдегі жағдай, олардың әлемдік вируспен қалай күресіп, карантин режимін қалай өткізіп жатқандығын анықтады. «Қайраттың» ойыншысы Камо Оганесянның порталдың сұрақтарына жауап берген материалдардың бір бөлігінің аудармасын назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан чемпионатында «Қайрат»командасының құрамында «Таразға» (2:1) және қарағандылық «Шахтерге» (0:1) қарсы өткізген матчтарға қатысқан Камо Оганесян, олардың көтеріңкі көңіл-күйіді жоғалтпай, үйде жаттығуды жалғастырып жатқандығын айтты.

«Алматы, еліміздің астанасы сияқты, қазір карантинге жабылды, сондықтан да кіру және шығу жолдары жабылды. Мен көбіне үйде отырамын, сыртқа сирек шығуға тырысамын. Біздің футболшыларымыз сияқтыүйдежаттығамын. Мүмкіндігінше осы жағдайда жаттығуға болатындай жаттығамын. Көтеріңкі көңіл-күйді жоғалтпаймыз және барлық сақтық шараларын сақтаймыз», - деді Камо Оганесян.

«Мен айтып өткенімдей, уақыттың көп бөлігін үйде өткіземін. Жаттығулар, фильмдер, ойындар. Күн тәртібі соншалықты өзгерген жоқ. Мен бұрын сыртқа жиі шықпайтынмын, сондықтан да мен үшін бұл қиын емес. Иә, әрине, нағыз жаттығуларсыз және ойынсыз қиын. Бірақ бұл амалсыз шара. Адамдарға келетін болсақ, барлық жердегідей адамдар азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуда, бірақ ешқандай дүрбелең жоқ. Адамдар мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келіп жатқаны түсінікті, көпшілігі өздерін қалай ұстау керектігін білмейді, бірақ ешкім үрейленіп жатқан жоқ».

Қазақстандық клубтардың футболшыларға жалақы төлемейтініне келер болсақ, Камо олардың мұндай мәселемен ешқашан кездеспейтінін, себебі клуб басшылығының қолдауын сезінетіндігін айтты.

«Мен басқа клубтарда қандай екенін білмеймін, бірақ «Қайратта»барлығы тұрақты. «Қайрат» келісімшарт бойынша барлық талаптарды орындайтын жеке меншік клуб. Ешқандай әңгіме жоқ және болуы да мүмкін емес. Біз әрқашан клубтың қолдауын сезінеміз».

Алғашқы үш турдағы өз командасының ойыны туралы айтқанда, Камо олардың жақсы бастағандығын және де әрі қарай да ырғақты ұстап тұруға ниеттеніп отырғанын айтты.

«Біз жақсы бастадық, екі матчты жеңдік. Екінші ойында қарсыласты 5:0 есебімен ойсырата жеңдік. Үзіліс алдындағы соңғы матчта «Шахтерге» есе жібердік. Бірақ бұл өткен шақ. Ойын ойналды, ұмыттық, алға жылжыймыз».

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ресми сайтта COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуының алдын алуға байланысты өткізілетін барлық жарыстардың тоқтатылғаны туралы жариялаған болатын. Чемпионат 15 сәуірден ерте басталмайды.

Ақпарат көзі:  armsport.am

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»