«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Камо Оганесян: «Бұл жерде керемет база бар деп, Едигарян айтатын. Мен көрген кезде – оның не туралы айтқанын түсіндім»
Қайрат

Камо Оганесян: «Бұл жерде керемет база бар деп, Едигарян айтатын. Мен көрген кезде – оның не туралы айтқанын түсіндім»

16 января 2020
/ 12:00

«Қайраттың» жаңа ойыншысы Камо Оганесян біздің сайтқа берген алғашқы сұхбатында Тигран Барсегянмен туыстық байланыстары туралы айтып, «сары-қаралар» құрамында өткізген бірінші ОЖЖ туралы әсерімен бөлісті. Сонымен қатар Артур Едигарянның маңызды кеңестері туралы айтып берді.

- Камо, біздің бірінші ОЖЖ қалай бағалайсың?

- Басында оңай болған жоқ. Қарқынды және қызықты жаттығулар. Мен демалыс уақытында дұрыстап жаттықпадым. Сондықтан жаттығудан кейін шаршау сезіледі, бірақ бұл жақсы. Жаттығуда шаршамасаң, демек, жаттығу зая кетті деген түсінікті ұстанамын. Сондықтан бәрі жақсы, үйреніп келемін.  

- «Қайраттың» ойыншыларының қайссымен достасып үлгердің?

- Мен Рифат Нурмугаметпен бір бөлмеде тұрамын. Біз екі жыл таныспыз. «Жетісуда» бірге ойнадық. Рифат ол жақта жалға алу құқығында ойнаған. Сондықтан онымен тығыз қарым-қатынастамын. Қалған жігіттермен де ортақ тіл табысып келемін. Ұжымға сіңісіп келемін.

- Бізге ауысар алдында Артур Едигарянмен ақылдастың ба?

- Әрине. Оның кеңестері маңызды болды. Мен Артурмен жақсы араласамын. Бұл жерде керемет база бар деп, Едигарян айтатын. Мен көрген кезде – оның не туралы айтқанын түсіндім. Қазақстанда осындай база бар болғаны қуантады. «Жетісуда» мүлдем басқаша болды. Онда біз қонақ үйде тұрдық. Жаттығу залы, қалпына келтіру үрдістерінің барлығы әр жерде болды. Мұнда бәрі бір жерде. Таңғы ас ішесің, жаттығу залына барасың, сол жерде жаттығып, барлық қалпына келтіру үрдістерінен өтесің. Барлығы жоғары деңгейде. Сапалы еуропалық база.

- Тигран Барсегян «Астанада», сен «Қайраттасың». Бір сөзбен екеуің  «баррикаданың» екі жағындасыңдар.

- Матч кезінде қарсылас командалардың арасында ешқандай достар мен туысқандар болмайды. Алаңнан тыс жерде біздің қарым-қатынасымыз өзгермейді. Көбісі біздің Тигранмен туыс бауырлар екенімізді біле бермейді. Егер дәлірек айтсақ, біз-екі туған апалы-сіңлінің немерелеріміз.

- Әңгімені туыс бауырыңнан туған бауырыңа ауыстырсақ. Сіз ағаңыз Оганеспен бір күні бір жыл айырмашылықпен қалай туылдыңыз?

- Біз онымен бірге бесінші қазан күні ғана емес, бір сағатта дүниеге келдік. Қалай болғанын білмеймін, бірақ менің ата-анам туған күніме осындай тамаша сыйлық жасады. Інімді сыйлады. Ол да футбол ойнаған, бірақ тізедегі жарақатына байланысты аяқтады. Жиі жарақат алды. Өз уақытында ол өте перспективті ойыншы болды. Тіпті менен де перспективті. Жарақаттар оған ашылуға мүмкіндік бермеді.

- Сен құрамада Генрих Мхитарянмен бірге ойнайсың. Онымен жақсы араласасың ба?

- Иә, үнемі байланыстамыз. Ол маған жақында қоңырау шалып, мені «Қайратқа» ауысуыммен құттықтады. Генрих «Қайраттың» базасы қандай екенін сұрады. Мен мұнда қандай керемет жағдай жасалғанын айттым. Мұндағы қызметкерлердің, жаттықтырушылар штабының, медицина қызметкерлерінің, баспасөз қызметінің  керемет мамандар екенін айттым. Қуанышыммен бөлістім.

- Ұлттық құрамадағы матчтың қайсысы сен үшін ең табысты деп санайсың?

- Италиямен болған матч. Біз 3:1 есебімен жеңілдік, бірақ ойыннан кейін мен туралы айта бастады. Сондай-ақ, 3:2 есебімен жеңіске жеткен гректермен болған матч. Датчандардың алаңында төрт жауапсыз гол соғылған, Дания құрамасымен болған матч.

- Сен өте әмбебап ойыншысың. Жартылай қорғауда да, қорғауда да ойнай аласың. Қай жерде ойнаған ыңғайлы?

- Мен шабуылшы ретінде бастадым, содан кейін қорғанысқа, сол жерден жартылай қорғанысқа ауыстырылдым. Маған оң қапталда да, сол қапталда да ойнау бірдей ыңғайлы. Менің бір ойын барысында үш рет позициямды өзгерткен кездерім де болды. Алдымен оң жақтағы қорғаушы позициясында,  одан кейін оң жақ қапталда жартылай қорғауда, ал матчты сол жақ қорғаушының рөлінде аяқтадым. Бапкердің айтқан жерінде ойнауға дайынмын.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»