«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Kairat Camp сырт алаңда
Клуб жаңалықтары

Kairat Camp сырт алаңда

06 июня 2019
/ 00:00

«Қайрат» футбол клубы оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтайды. Оларға керемет жазғы демалыс өткізуін тілей отырып, Kairat Camp бірінші ауысым уақыты басталғанын хабарлайды.

Қайрат лагері жол бойында Биылғы жылы «Қайрат» лагері

Kairat Camp жолда сіздің балаңызға ұмытылмас жазды өткізуге, футбол дағдыларын жақсартуға және сүйікті клубына бір қадам жақындауға мүмкіндік береді! Биыл Kairat Camp Алматы қаласының орталығында - Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағында өтеді.

Атауы: Kairat Camp жолда! Спорттық-ойын-сауық лагері 7 жастан 13 жасқа дейінгі балаларға арналған.

Қайда: М. Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс паркi маңындағы «Меркурий Медет» спорттық орталығы

Қашан:1 шілдеден  11 тамыз аралығына дейін.

 «Меркурий Медет» спорттық орталығы маңында тұру, бес реттік тамақтану, «Қайрат» ФК бапкерлерімен екі рет жаттығу, «Қайрат» ФК ойыншыларының қатысуымен мастер-класстар, фото/автограф сессиялар, Академияға және клубтың жаттығу базасына экскурсия, Footbonaut тренажерында жаттығу сіздерді күтеді!

Ойын-сауық бағдарламасына кіреді: көңілді аниматорлар, футболдан турнирлер, Sony PS4-да кибертурнирлер, «Орталық» алаңда матч көру, дельфинария, кинотеатр, пейнтбол базасы және тағы басқалар.

Жолдаманы сатып алғанда мынадай сыйлықтарға ие боласыз: клуб формасы (жейделер+шолақ шалбар+гетралар), жанкүйерлерге арналған жалауша.

Анықтама үшін телефон нөмірі: 8 707 111 7470

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»