«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Kairat Blind Football Team жолдастық матч
Клуб жаңалықтары

Kairat Blind Football Team жолдастық матч

15 ноября 2019
/ 12:00

Kairat Blind Football Team ойыншылары Қазақ спорт және туризм академиясының түлектерімен жолдастық кездесу өткізді.

Жартылай немесе толық көру мүмкіндігінен айрылған Kairat Blind Football Team Қазақстан құрамасының негізін құрайтын спортшылары арнайы бетперде киген Қазақ спорт және туризм академиясының түлектерімен кездесті. Болашақ жаттықтырушылар Қазақ спорт және туризм академиясының оқытушысы болып табылатын «Қайрат» ФК-ның танымал ардагері Виктор Георгиевич Катковтың тыңдармандары болып табылады.

Бірінші таймда Kairat Blind  Football Team өкілдері алаңға иелік етіп, қарсыластар қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Үзілістен кейін болашақ жаттықтырушылардан құралған команда айырмашылықты қысқартуға мүмкіндік алып, алайда пенальтиді жүзеге асыра алмады. Матч Kairat Blind Football Team пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»