«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Kairat Blind Football Team жолдастық матч
Клуб жаңалықтары

Kairat Blind Football Team жолдастық матч

25 октября 2019
/ 11:00

Kairat Blind Football Team ойыншылары С. П. Квочкин атындағы балалар мен жасөспірімдер Академиясының жаттықтырушыларымен жолдастық кездесу өткізді.

Жартылай немесе толық көру мүмкіндігінен айрылған футболшылардан  Қазақстан құрамасының негізін құрайтын Kairat Blind Football Team спортшылары С. П. Квочкин атындағы Академияның жаттықтырушыларымен кездесті. Жаттықтырушылар арнайы таңғыштарды тағып ойнады.

Бірінші таймда Kairat Blind Football Team өкілдері алаңда басым болып, қарсыластар қақпасына екі гол соқты. Үзілістен кейін Академия жаттықтырушыларынан құралған команда ерекше жағдайларға үйреніп, айырмашылықты қысқарта алды. Матч Kairat Blind Football Team пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»