«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Kairat Blind Football Team «Каспий 2020» турниріне қатысады
Клуб жаңалықтары

Kairat Blind Football Team «Каспий 2020» турниріне қатысады

21 января 2020
/ 12:00

Kairat Blind Football Team бірінші ақпанда Дағыстанда басталатын Blind Football «Каспий 2020» халықаралық турниріне қатысады.

Біздің команда жақында «Қайратта» қонақта болған Хабиб Нурмагомедовтан жарысқа қатысуға шақырту алды. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы турнирдің ұйымдастыру комитетіне кіреді және де жартылай немесе толық көру қабілетінен айырылған спортшыларға үлкен қолдау көрсетеді.

Каспий қаласындағы (Дағыстан) «Анжи-Арена» спорт кешені базасында өтетін жарысқа сегіз команда қатысады. Олардың екеуі Дағыстан Республикасынан, біреуі – Қазақстан Республикасынан, Мәскеуден, Мәскеу облысынан, Шешен Республикасынан, Марий Эл Республикасынан және Грузиядан.

KairatBlindFootball үшін бұл турнир 2020 жылдағы бірінші халықаралық жарыс болады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»