«Ордабасының» бас бапкері Кахабер Цхададзе «Қайратқа» қарсы матч нәтижесі жайында ойын айтты.
- Әрине, жігіттер өте жақсы жұмыс істеді. Ойынға тыңғылықты дайындалдық, «Қайраттың» құрамына қарар болсақ, олардың чемпионатта алғаш рет тым шабуылдаушы құраммен шыққанын көруге болады. Олар екі орталық шабуылшыны ойнатты, оларды ұстау маңызды. Қолымыздан келді деп ойлаймын.
Біз сауатты қорғанып, стандартты және қарымта шабуылдардға иек арттық – бәрі ойдағыдай шықты. Өз футболшыларыма алғыс айтамын, олар нағыз еркектер. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, олар кәсіпқой екендерін көрсетті. «Ертіске» қарсы сырт алаңдағы матчта өзіміз қалаған футболды көрсеттік. Жаттығуда жасағанымызды іске асыра алдық. Алдағы уақытта бәрі қалпына келеді деп үміттенемін. Біз ауыр күндерден соң қатарынан екі матчта жеңіске жеттік, өте қуаныштымыз және жұмысты жалғастырамыз.
Қазір біз толығып жатырмыз, бүгін бір футболшы келді. Жақын арада онымен келісімшартқа отырамыз деп үміттенемін. Тағы бір ойыншыны күтіп отырмыз. Басшылық жұмыс істеп жатыр, құрамды күшейтеміз, ал қалғандары – осы команданы қамтамасыз ететіндердің шаруасы. Бәрі жақсы аяқталады деп ойлаймын.