«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кахабер Цхададзе: «Кездесудің деңгей өте жоғары болды»
Қайрат

Кахабер Цхададзе: «Кездесудің деңгей өте жоғары болды»

27 апреля 2019
/ 00:00

Кахабер Цхададзе, «Ордабасы» ФК бас бапкері:

- Бірінші таймда матчты біздің футболшылар бақылауда ұстады. Тартысқа толы драмалық кездесу болды. Біз «Қайраттың» осыған дейін өткізген бес ойынын көріп сараптама жасадық.Байқасақ біз секілді қаншама мүмкіндіктер жасаған бірде-бір команда болмаған екен. Бірақ, екінші таймда «Қайрат» өте жақсы ойын көрсетті.Біз мұны білдік және дәл осылай күттік. Дегенмен бір тұстарда қарсыласқа көсіліп ойнауға еркіндік беріп қойғандаймыз. Әрине, біз жеңілмегеніміз үшін қуанамыз.Дегенмен біздің мүмкіндігіміз одан жоғары болды.Ал жанкүйер қауымы мынандай жоғары деңгейдегі ойыннан тек рахаттанары сөзсіз.Мұндай ойында гол салынбаса, жарамайтыны белгілі. Гол салып ұпай алмасаң, жеңісте болмайды ғой.Алда біз бұл туралы мәселе қараймыз. Талдау жүргізіп құрама ойыншыларына да өзгеріс енгіземіз.Бізде дәрежесі жоғары шебер футболшылар жетеді. Енді ойындар кестесі жиілей түседі.Сондықтан барлық ойыншылар сақадай-сай дайын тұруы керек.Біз бұл қиындықтан да сүрінбей өтеміз деген ойдамын! 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»