«Қайраттың» орталық қорғаушысы Шелдон Бато оралдық «Ақжайыққа» қарсы матч нәтижесі туралы ойын айтты, оның командасы қарсыласқа 0:1 есебімен жол берген еді.
«Менің ойымша, ойында өзіміздің әдеттегі ырғағымызды табу үшін бар күшімізді салдық, ал қарсылас команда өзінің жарты алаңына осынша көп ойыншысын қоятын болса, қақпадан саңлау табу қиын, біраө біз өз алаңымызда ойнаған едік.
Чемпионатта шағын үзіліс болды, біз үшін бұл сылтау емес, бірақ футболда осылай болып тұрады. Өкінішке қарай, бірінші орыннан ұпай айырмашылығын қысқарту мүмкіндігін пайдалана алмадық. Көңіліміз қапалы, бірақ соңына дейін күресуіміз керек», - деді футболшы.