«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Иван Сизов: «Эмоциялар – айтып жеткізе алмастай!»
Қайрат

Иван Сизов: «Эмоциялар – айтып жеткізе алмастай!»

17 января 2020
/ 12:00

Иван Сизов клубтың бас командасының Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған  Академия тәрбиеленушілерінің бірі болды. Біздің сайтқа берген сұхбатында жас қорғаушы шақырту алған кездегі өз эмоцияларымен бөлісті, сондай-ақ заманауи қорғаушының қандай негізгі қасиеттерге ие болу керектігін атады.

- Иван, бұл сенің негізгі командамен бірге шетелдік оқу-жаттығу жиынына алғашқы рет шығуың. Қандай эмоцияларды сезінудесің? Толығырақ сипаттасаң...

- Эмоцияларым – айтып жеткізе алмастай! Баратыныма өте-өте қуаныштымын. Жұмыс істеу керек, жүз пайыздан да артық барымды салу қажет. Барлық қабілетімді көрсеткім келеді. Бапкерлер штабының сенімін ақтау керек.

- Негізгі командамен бірге Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткіздің. Жаттығуда қиын болды ма?

- Алғашқы күндері біршама қиын болды, бірақ содан кейін үйреніп кеттім. Бұл бейімделуді қажет ететін басқа деңгей. Қазір бәрі жақсы. Өзімді сенімді сезінудемін. Команданың бапкерлер штабына сенім артқаны үшін тағы да алғыс айтқым келеді. Бірінші оқу-жаттығу жиыны мен үшін өте жемісті болды.

 - Сен Академия тәрбиеленушісінің  жолын өтіп, «ересек» ОЖЖ шақырту алғандардың қатарындасың. Негізгі командаға дейінгі өз жолың туралы толығырақ айтып берші.

- Академияға мен 2016 жылы түстім. Александр Петрович Арефьев жаттықтырған командада ойнадым. Ол маған көп нәрсені үйретті. Сондай-ақ, екінші бапкер Максим Федорович Зуевке рахмет. Мен академиялар мен футбол орталықтары арасындағы ел чемпионатында ойнадым. 2018 жылы екінші лигада «Қайрат М» үшін ойнадым. Өткен маусымда «Қайрат-Жастар» үшін өнер көрсеттім.

- Түрік матчтарының қайсысын көп күтесің? Кімге қарсы ойнауды армандайсың?

- Түркияда жақсы командаларға қарсы кездесулер болады. Қарсыластардың әрқайсысына қарсы ойнау қызықты болады. Өз күшіңді тексеріп көресің. Әрине, әр матчқа қатысқым келеді, бірақ бұны бапкерлер штабы шешетін болады.

- Заманауи қорғаушы қандай үш басты қасиетке ие болуы керек?

- Менің ойымша, заманауи қорғаушы физикалық жағынан мықты, салқын қанды, сондай-ақ жылдам ойлау қабілетіне ие болуы керек.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»