Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта төрелік ететін қазылар анықталды. Алматылық «Қайрат» сырт алаңда чехиялық «Сигмамен» кездеседі. Матчтың бас төрешісі италиялық Массимилиано Иррати болады. Оған оның отандастары Фабьяно Прети мен Стефано Либерти көмектеседі. Төртінші рефери – Джанпаоло Кальварезе.
Матч 9 тамызда Астана уақытымен 23:00-де басталады.