«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Исламхан мен Аршавин – Премьер-лиганың символикалық құрамында
Клуб жаңалықтары

Исламхан мен Аршавин – Премьер-лиганың символикалық құрамында

19 декабря 2018
/ 00:00

Қазақстандық кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан чемпионатын қорытындылады. Әр тур сайын ҚКФЛ Instat компаниясының мәліметтері бойынша үздік ойыншылардың тізімін жасады. Жыл командасы тур қорытындысы бойынша символикалық құрамдарға жиі енген футболшылардан құралды.

Премьер-лигадағы үздік ойыншылар тізіміне «Қайраттың» екі футболшысы енді:Бауыржан Исламхан мен Андрей Аршавин.

Сол қанаттағы жартылай қорғаушы: Андрей Аршавин, «Қайрат»:

Аршавин өз  дәрежесін түсірмей, футболдағы соңғы маусымын әдеттегідей жоғары деңгейде өткізді. Бір ғана сәтті әрекетінің арқасында ол кез келген жекпе-жектің тағдырын өзгерте алды – ол дәл соққы немесе нәтижелі пасқа айналды. 9 гол, 15 нәтижелі пас, 74% дәл пас, матч сайын 3,3 тиімді алдау – ресейліктің екпіні тағы бір-екі маусымға жетер еді. Әрекеттердің орташа индексі – 221. Символикалық құрамға 6 рет енді.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Бауыржан Исламхан, «Қайрат»

Биылғы маусымда Исламхан үш гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды. «Қайраттың» капитаны ғажайып пастар беріп, жойқын соққылар жасады, командаластарына сенімділік сыйлады. Әр кездесуде орташа есеппен ол 4,9 рет сәтті алды, ал пастарының дәлдігі 84 пайызды құрады. Әрекеттерірің орташа индексі – 218. Символикалық құрамға 6 рет енді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»