«Қайрат» үшін алты маусым ойнаған, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Зенит» сапында қаралымда болады.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің үздік жартылай қорғаушысының «сары-қаралармен» келісімшарты 31 желтоқсанда аяқталды, бірақ Бауыржан командамен бірге Алматыда өткен бірінші ОЖЖ жаттықты. Қазір Бато еркін агент дәрежесіне ие және «Зенитпен» еңбек келісіміне қол қоя алады.
Еліміздің екі дүркін үздік футболшысы және Қазақстан кубогының төрт дүркін иегері «Қайрат» футболкасында 223 матч өткізді. Онда Қазақстан құрамасының капитаны 64 гол соғып, 61 нәтижелі пас берді.