2018 жылғы маусымның қорытындысынан соң Instat сараптамалық компаниясының нұсқасы бойынша алматылық «Қайрат» сапында бразилиялық жартылай қорғаушы Исаэль үздік атанды.
Осы маусымда бразилиялық футболшы «сары-қаралар» сапында 34 матчқа қатысты, оның Instat индексі 228-ді құрады. Оның еншісінде 12 гол мен 11 нәтижелі пас бар.
Тізімде екінші орынды алматылықтардың капитаны Бауыржан Исламхан еншіледі – 226, ал үздік үштікті Сергей Политевич түйіндеді – 225.