«Қайраттың» баспасөз-қызметі қайраттықтардың ақтөбелік клубқа қарсы матчындағы жекелей статистикалық мәліметтерін ұсынады.
Матчтың үздік ойыншысы атағын Исаэль Барбоза еншіледі. Оның индексі 228 ұпайды құрады. Бразилиялық футболшы бұл ойында да өзінің фирмалық дриблингімен көзге түсті, ол төрт рет қарсыласын сәтті алдаған. Дәл пастардың пайызы – 77%. Сондай-ақ, жартылай қорғаушы өзі қатысқан жекпе-жектердің 41%-ын ұтты.
Басқа ойыншыларды айта кетсек, қарсылас бізідң капитанымыз Бауыржан Исламханға қарсы жиі ойын тәртібін бұзған – 4 мәрте. Сонымен қатар, Батори әріптестеріне 82 пас берді, оның 78%-ы діттеген жерге дәл жеткен. Бұл кездесудегі ең үздік нәтиже саналады. Ал Шелдон Бато 13 жекпе-жекте қарсыласынан басым түсткен, оның 5-еуі әуедегі допқа талас кезінде.