«Энгорданидің» бас бапкері Хосеп Менгуал Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде «Қайратқа» қарсы қарымта матч жайында пікірімен бөлісті.
- Есепті теңестіреміз деп ойлайсыздар ма?
- Әрине, мұнда біз ойнауға келдік және «Қайрат» секілді кәсіпқой командаға қарсы ойнау үлкен құрмет және біз онымен мақтанамыз. Біздің командамыз жартылай кәсіпқой саналады. Андоррада нәтижеге ойнауға қалай тырыстық, ертең де солай ойнауға тырысамыз.
- Сіздің қандай нәтижеге көңіліңіз толады? Тең түсуге тырысасыздар ма, әлде гол соғу жеткілікті ме?
- Әрине, біз үшін гол соғу өте маңызды. Бұған дейін Андоррада да гол соғуға болатын еді, алайда «Қайрат» бірінші минуттан жігерлене шығып, жылдам голдар соғып тастады. Біздің командамыздың салы суға кетті.
- Жаңа командаңыздың жартылай кәсіпқой екенін айттыңыз. Команданың жартысы әуесқой болса, олар футболдан басқа немен айналысады?
- Біздің командамызда жеті кәсіпқой ойыншы бар, олардан бөлек әуесқойлар бар. Олар әкімшілік саласында, бірі банкте жұмыс істейді, басқа біреуі түрлі қызметтер ұсынады (жымиып). Бірақ бізде кәсіпқой футболшылар да бар, оларды ұстап қалу қиын. Сондықтан, мұнда ойнауға келдік, басқа командалармен бәсекелес болуға тырысамыз. Әрине, мұнда жеңіс үшін келмеген болармыз, бұл ғажап болар еді. Бірақ лайықты ойнауға дайынбыз.