2 және 3 ақпан күндері Каспий қаласында зағип жандар арасында шағын футболдан «Каспий 2020» турнирі өтті. «СЭ» тілшісі айналаңда ештеңені көрмей футбол ойнаудың қандай екенін білу үшін ойыншылармен және бапкерлермен әңгімелесті.
— Олар маған бірінші рет жеңіліс әкелді, - деп әзілдеп Хабиб турнирдің ашылу салтанатында айтты. Нурмагомедов 2019 жылдың желтоқсан айында Алматыда «Қайрат» футбол клубының базасында болғанын еске алды. Онда ол зағип спортшылармен футбол ойнап, одан кейін Дағыстанда зағип жандар арасында халықаралық турнир өткізу идеясы пайда болғанын айтты. Ұйымдастырушылардың қатарында — Хабиб қана емес, «Қайраттың» президенті Қайрат Боранбаев, сондай-ақ зағиптар арасында Ресейдің бес дүркін чемпионы Гаджимурад Магомедрасулов басқаратын «Озарение» қайырымдылық қоры бар.
Хабибтің айтуынша, сол кезде «Қайрат» базасында ол алаңда 5-7 минут өткізген.
— Шынымды айтсам, ауыр нәрсе, - деп мойындады UFC чемпионы. 5 минут көзіңізді жұмып жүріп көріңіз. Ойнау емес, жай ғана жүру. Менде үрей болды. Жалпы ештеңе түсініксіз! Мен бортты ұстап тұрып қалдым. Бірде-бір рет допқа тимедім. «Қайратқа» қарсы, тәжірибесі бар жігіттерге қарсы ойнадым. Маған солға, оңға, тура деп айтып тұрды. Бірақ ойнау мүмкін емес еді. Жүгіруге, бәсекеге түсуге болатындай, қанша жаттығу керек екенін білмеймін. Бұл өте қиын!
Ереже: «вой» деп айқайлау керек, командадағы жалғыз көзі көретін ойыншы — қақпашы
— Алаң көлемі — 40 та 20 метр, ол биіктігі 1,3 метр болатын борттармен қоршалған.
— Қақпаның өлшемі — ені 3 метр және биіктігі 2 метр.
— Ойын 25 минуттан екі таймнан тұрады.
— Доп әдеттегіден ауыр. Жарақат алмау үшін, ол соққы кезінде дыбыс шығарады (ішінде арнайы жарық бар).
— Команда құрамындағы ойыншылардың саны — төртеу. Олардың барлығы тең жағдайда болу үшін көзді жабатын жарық өткізбейтін таңғыштарды киеді.
— Қақпашы — командадағы жалғыз көзі көретін футболшы. Бірақ ол қарсылас қақпасына соққы жасай алмайды және де айып алаңынан шыға алмайды.
— Ойыншылар бір-бірін жарақаттамау үшін «вой» (испан тілінен аударғанда «бара жатырмын») деп айқайлауға міндетті.
— Бапкерден басқа гид деп аталатын тағы бір адам бар. Ол қарсыластың қақпасының артында тұрып, шабуылда көмектесіп айтып отырады. Осылайша: қақпашы қорғаныс кезінде, гид — шабуылдарда, ал жаттықтырушы алаңның ортасындағы ойынға жауап беріп және де жалпы ойынға бақылау жасайды.
— Ойыншылар (қақпашыдан басқа) «вой» командасынан басқа сөзді айтуға құқығы жоқ. Стандарттар ойнатылған кезде толық тыныштық болу керек. Тыныштықты бұзғаны үшін — сары қағаз.
— Зағип футболшылар екі санатқа бөлінген: көзі мүлдем көрмейтіндер (B1 класы) және нашар көретіндер (B2/B3).
«Каспий 2020» турнирі «Анжи-Аренаның» жанындағы жасанды алаңда өтті. 8 команда қатысты: Дағыстан, Дағыстан-2, Мәскеу облысы, Мәскеу, Чечня, Марий Эл, Қазақстан, Молдавия.
Анатолий Антипин, Қазақстан командасының жаттықтырушысы:
— Алдымен мен бас бапкердің көмекшісі болдым, қақпашылармен жұмыс істедім — бұл менің «Қайраттағы» жұмысым. Кейін Шыңғыс Темірхановты паралимпиадалық Комитетке ауыстырды, мен халықаралық қауымдастық сертификатының иегері ретінде менеджер лауазымына жалғыз үміткер болдым. Қазір командада тоғыз ойыншы мен екі қақпашы бар. Балалардың біреуі туғаннан көрмейді, бірақ көпшілігінде — жүре-келе пайда болған мәселелер. Біздің көшбасшыларымыздың бірі 11-сыныпта мектепте футбол ойнаған кезде көру қабілетінен айырылып қалды. Бұл доптың соққысынан кейін пайда болды. Доп көзге тиді. Операция жасалды, бірақ көру қабілетін қайтару мүмкін болмады. Қазір ол 34 жаста.
Біз «Қайрат» базасында — балалар академиясында жаттығамыз. Аптасына үш рет жаттығамыз — дүйсенбі, сәрсенбі, жұма. Манежде айналысамыз, сондықтан жаттығудың басталуы әрдайым бірдей. Кейде біздің жаттығуларымызға «Қайраттың» бапкерлер штабы қатысады. Оларды футболшылардың қалай ойнайтыны қызықтырады. Бізде көңілді. Жақсы эмоционалдық фон. Бүгін алғаш рет халықаралық турнирде ойнап, Ресей құрамасының жігіттеріне қарсы шықтық — олардың деңгейі жоғары. Жарақат? Гематомалар болады, бірақ ауыр жарақат жоқ. Негізінде, барлық жігіттер жарақат алмау үшін не істеу керектігін біледі. Бұл өзін-өзі қорғау немесе қорқыныш сезімі емес. «Вой» сөзі бар.
Қанат Ақымбаев, Қазақстан командасының ойыншысы:
— Алдымен голбол ойнадым — зағип жандарға арналған доппен ойын. «Қайрат» футбол командасын құрған кезде, оған ауыстым. Көзімнің ақауы туылғаннан. Басында жақсырақ болған, ал қазір ештеңе көрмеймін — егер жарық күн сәулесі болса ғана сұлбасын көремін. Кешке немесе қараңғы бөлмеде ештеңе көрмеймін. Иә, командада футбол ойнаған кезде көру қабілетін жоғалтқан жігіт бар. Бұл ол 11-сынып оқыған кезде болған. Доп маңдайына тиді. Дегенмен, допқа деген махаббаты күшті болып, ол ойнауды жалғастырды. Қазақстан премьер-лигасын бақылауға тырысамын. Матчты көру қиын екені түсінікті, бірақ тыңдаймын, жаңалықтарды білемін. Аршавин? «Қайратта» біз онымен танысып үлгермедік. Дәл ол кеткен кезде бізде зағиптар үшін команда құрылған, .
Зағиптар командасы дені сау жігіттерді жеңіл жеңді. Хабиб оларды талқандалудан құтқарды
Турнир жеңімпазы финалда Марий Эл командасын жеңген, Мәскеу облысының командасы болды. Матчтың негізгі уақыты 0: 0 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында Мәскеу құрамасы 1:0 есебімен басым түсті. Үшінші орынды Мәскеу командасы, төртінші орынды Дағыстанның бірінші құрамасы иеленді. Мәскеу облысы 250 мың рубль, Марий Эл — 200 мың, Мәскеу — 150 мың, Дағыстан-1 — 100 мың, қалғаны — 50 мың.
Финалдан кейін Мәскеу облысы мен әуесқой футбол лигасында (ӘФЛ) өнер көрсететін The Eagles командасы арасында жолдастық кездесу өтті. «Менің футбол командам бар, олар көздерін таңып, ойын көрсетеді. 10 минуттан екі тайм болады. Олардың «көзсіз» қалай ойнайтынын көрейік», — деді Хабиб ойын алдында бір күн бұрын. Алғашқы ысқырыққа дейін көздерін бірінші рет таңып ойнайын деп жатқан «қырандардың» жеңілетінін меңзеп, алғашқы ысқырыққа дейінгі бірнеше минут бұрын «жыртады» деп айтқан болатын. Осылайша болды. The Eagles бірде-бір шабуыл жасай алмай және де күлкілі көрінді. Хабиб трибунада отырып, көңіл көтеріп, болған оқиғаны телефонға түсірді.
— Алишка! — деп ол шабуылшыға айқайлады. — Артқа бар! Пас, оған пас беріңдер!
Мәскеу облысы әдемі гол соғып, Нурмагомедов ойынды тоқтатуды сұрады. «Өз-өздеріне деген бағалауы түсіп кетпеу үшін оларды алып тастаңдар», - деді Хабиб төрешілер мен бапкерлерге.
Қазақстанда UFC чемпионы таңылған көзбен пенальти орындап, гол соққан. Каспийде де оған таңылған көзбен 11 метрлік орындауға ұсыныс жасалды. Бұл жолы қақпашыны жеңе алмады. Соққы мықты болмады және де қақпаның дәл ортасына келді. «Алды, иә?» — деп таңғышын шешті.
Содан кейін марапаттау рәсімі болды, одан кейін Хабиб 50 минут Фергюсон, Конор, Серроне және т. б. туралы сұрақтарға жауап берді. Сол жерде зағип футболшылар арасындағы турнирге РФО қызығушылық танытқаны айтылды. Соңында Хабиб командаларға зағип футболшыларға арналған жарыстар тарихын ары қарай жалғастыратынына уәде берді, ал келесі турнирді одан да ауқымды қылып жасауға тырысатынын айтты.
Ақпарат көзі: Спорт-Экспресс