«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Хабиб Нурмагомедов «Қайрат» ФК Академиясына қонаққа келді
Қайрат

Хабиб Нурмагомедов «Қайрат» ФК Академиясына қонаққа келді

25 декабря 2019
/ 12:00

Жеңіл салмақтағы қазіргі UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов «Қайрат» ФК-ның Тимур Сегізбаев атындағы Академиясына келді. Хабибпен бірге Академия тәрбиеленушілеріне басқа танымал ММА спортшысы Зубайра Тухугов та келді.

Әлемнің ең табысты спортшыларының бірі жаттығу алаңдарын, киім ауыстыратын орындарды, медициналық блокты, тұрғын және оқу корпустарын аралап, клубтағы тамаша жасалған жағдайларды атап өтті.

Экскурсиядан кейін Хабиб сұрақ-жауап форматында шағын конференция өткізді. Академияның тәрбиеленушілерін атақты спортшының матчқа қалай дайындалатыны, Хабибтың балалық шағында қандай болғаны қызықтырды.

Кездесу Хабибтың есімі жазылған біздің клубтың футболкасын сыйға тартумен аяқталды. Табысталған сый қадірлі қонаққа қатты ұнады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»