«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Гулжигит Алыкулов: «Қырғызстанда «Қайраттың» жанкүйерлері көбейді»
Қайрат

Гулжигит Алыкулов: «Қырғызстанда «Қайраттың» жанкүйерлері көбейді»

05 февраля 2020
/ 12:00

«Қайраттың» жаңа ойыншысы Гулжигит Алыкулов біздің сайтқа берген сұхбатында командаға бейімделуі, сүйікті тағамы, футболшылар туралы және ММА жұлдызы Валентина Шевченкомен танысқысы келетінін айтты.

- Қол қойылған сәттен бастап бір аптадан астам уақыт өтті. «Қайратта»  қалай екен?

- «Қайратта» керемет жағдай жасалған. Мен мұндай базаны ешқашан көрмедім. Мұнда өсіп, даму үшін бәрі бар. Жаттығу мен ойындарда барыңды салу ғана қалып отыр. Және де футболдан ләззат алу. Сені осындай үлкен клубқа шақырған кезде, 120 пайызға жұмыс істеу керек. Және нәтиже жасауға көмектесу керек. «Неманда» біз жалдамалы пәтерлерде тұрдық, стадионда жаттығып, содан кейін командамен бірге кафеге барып, үйлерімізге қайтатынбыз. Мұнда барлығы бір жерде орналасқан. Бұл өте ыңғайлы.

- Базада кіммен тұрасың?

- Мені Айбол Абикенмен қоныстандырды. Біз онымен тез тіл табыстық. Барлық командамен де жақсы араласамын. Тілдік кедергі жоқ. Бұрын Айболмен бірге үлкен профессионал Бауыржан Исламхан тұрды. Сондықтан да қандай да бір мағынада оның орнын алу құрмет. Мен бұрын «Қайраттың» ойындарын қадағалайтынмын, Исламханның кім екенін және оның қалай ойнайтынын білдім.

- Сен команданың жаттығу процесімен таныстың ба. Басында қиын болды ма?

- Иә, оңай болмады. Мен алғаш рет күніне үш рет жаттығу жасадым. Бірақ маған ұнады. Мұндай режимде жұмыс істеуге дайынмын. Даму  үшін барымды саламын. Еуропалық тәлімгерлермен жұмыс істеуден ләззат аламын.

- Біздің дене шынықтыру жаттықтырушысы доктор Христос Пападопулос әрбір футболшы атлет болуы тиіс дейді. Онымен келісесің бе?

- Иә. Бірінші жаттығудан кейін менің барлық денем ауырды. Христос – өз ісінің шебері. Және де оның жаттығулары өте сапалы. Футболшы әрдайым және әр жаққа үлгеруі керек. Шабуылда да, қорғаныста да. Үнемі прессинг жасау қажет. Жақсы «физикасыз» бұған қол жеткізе алмайсың. Жалпы, мұнда өте сапалы және түрлі жоспарлы жаттығулар. Маған бапкерлік көзқарас ұнайды. Штаб еуропалық стандарттар бойынша жұмыс істейді, заманауи канондар мен философия бойынша ойынды құрады. Маған ыңғайлы.

- Сенің сүйікті футболшың кім? Лео Месси?

- Месси маған ұнайды, жасырмаймын. Бірақ менің ең сүйкті футболшым Эден Азар. Біздің амплуамыз ұқсайды. Маған біздің ойын мәнеріміздің ұқсайтынын бірнеше рет айтқан.  Допты меңгеру, динамика. Өкінішке орай, ол «Реалға» ауысты, ал мен «Барселонаға» жанкүйермін.  Сондай-ақ, маған Садио Мане, Френки Де Йонг, Мохамед Салах ұнайды.

- Қандай фильмдерді көресің?

- Атыс-шабыс, детективтік триллерлер. Мысалы, франшиза «Миссия орындалмайды». Барлық бөлімдерін қарап шықтым. Актер Лиам Нисон ұнайды. Алматыға келерде ұшақта оның басты рөлде ойнаған кезекті фильмің көрді.

- Сенің сүйікті тағамың қандай?

- Мен лагманды өте жақсы көремін. Гуйру немесе босо. Бешпармақты да жақсы көремін. Базада тамақты дәмді даярлайды, маған өте ұнайды.

- Футболдан басқа қандай спорт түрлері қызықтырады?

- ММА қараймын. Бұл, бәлкім, ағамнан. Балалық кезден онымен бірге жекпе-жектерді көрдік. Исраэл Адесаньяның мансабын қадағалаймын. Сондай-ақ Хабиб Нурмагомедов ұнайды. Джон Джонсты және де Валентина Шевченконы атап өтер едім. Оның Қырғызстанан екенін мақтан тұтамын. Онымен танысқым келеді.

- Қырғызстаннан келген жанкүйерлер сені Алматыда өтетін матчта қолдайтын болады ма?

- Жанкүйерлер «Орталық» стадионға келіп, мені қолдауға уәде берді. Бішкектен Алматыға көлікпен жету оңай. Қырғызстанда «Қайраттың» жанкүйерлері көбейді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»