«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Гүлжигит Алыкулов «Шахтерге» қарсы ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, «Тобыл Аренаның» газонына баға берді, сондай-ақ жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
- Гүлжигит, бүгінгі матчты қалай бағалайсың?
- Ойын ауыр болды. Біз жылдам гол соғуымыз керек еді,қайта жіберіп алдық. «Шахтер» өз мүмкіндігін пайдаланды, содан кейін ойнауды тоқтатты. Жалпы, қарағандылықтар матчтың басым бөлігінде командасымен қорғанды.
- Екінші таймда ойынды жалғастыра алмадың, неліктен екенін нақтырақ айтып берсең?
- Екінші таймның басталғанына он бес минут өткен соң, мен аяғымның тартыла бастағанын сездім. Оң аяғым тартылып қалды. Содан кейін, шабуылдардың бірінде мен бұлшықетте ауырсынуды сезініп, медициналық бригаданың көмегі қажет екенін түсіндім. Бапкерлер штабы мені ауыстыруға шешім қабылдады. «Тобыл Аренаның» жабыны жылдамдықты тез арттыруға жол бермеді. Секіруде қосымша күш жұмсауға тура келді. Оған қоса тығыз қатынастағы ойын болды.
- Сен, әдеттегідей, шабуылда өте белсенді болдың. Эпизодтардың бірінде сені айып алаңының шекарасында құлатты. Ол жерде ойын ережесі бұзылды ма?
- Тек шабуылды тоқтатқаны үшін болмаса, ол жерде дөрекі фол болмады. Мен жылдамдықты арттырып, айып алаңына кіруге дайын болдым, бірақ мені ереже бұзумен тоқтатты.
- Жанкүйерлер сенен жарқын ойын күтуде. Сенде біздің көмегімізбен оларға жауап беруге мүмкіндік бар.
- Жанкүйерлердің әлеуметтік желілерде өте белсенді екенін көремін. Баршаңызға менің мүмкіндіктеріме қолдау көрсетіп, сенім артқандарыңыз үшін рахмет. Барлығы менің «Қайрат» үшін дебюттік голымды күтіп тұр. Мен үшін ең алдымен командамызға пайда әкелу маңызды. Оған ұпай жинауға көмектесу. Голдар болады, шыдамды болу керек. «Қайрат» - өте жылдам және қуатты көп қажет ететін футбол ойнайтын топ клуб. Мен бейімделіп, тәжірибе жинап келемін. Барлық бағыттарда белсенді жұмыс істеуді жалғастыру керек.